100 ҚАДАМ: Биыл республикадағы барлық соттар бейнетіркеу жүйесімен жабдықталатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл республикадағы барлық соттар бейнетіркеу жүйесімен жабдықталатын болады. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Бағлан Мақұлбеков мәлім етті.

Оның айтуынша, Ұлт жоспарында көтерілген мәселелердің бірі - ол ҚР сот жүйесінің инновациялық жаңа технологиялармен қамтамасыз ету.

«Осы арада ҚР Жоғарғы Сотымен көптеген игі істер атқарылды. Сот кабинеті бағдарламасы бойынша, 2015 жылдың 12 айында электронды түрде 382 мың 238 құжат түскен. Оның ішінде 309 500 талап арыздары болса, 883 - қадағалау тәртібімен берілген арыздар, 6977 - шағым, 1708 - апелляциялық шағым, 5269 - кассациялық шағым болып табылады», - дейді Б. Мақұлбеков.

Оның сөзі бойынша, бүгінде жаңа аудио-бейнетіркеу (АБТ) жүйесімен сот отырыстарының республика бойынша 922 залы жабдықталған.

«Тұтастай алғанда, 2016 жылдың жай-күй бойынша, АБТ жүйесімен ел бойынша сот отырыстарының жабдықталуы 73,6 пайызды құрайды. Ал үстіміздегі жылдың аяғына дейін республикадағы барлық соттар осы жүйемен жабдықталатын болады», - дейді Жоғарғы Сот судьясы.

«АБТ жүйесінің негізгі басымдығы, сот процестерін аудио-, бейнетіркеу - барлық қатынасушыларды, судьяны, мемлекеттік айыптаушыны, адвокаттарды, сондай-ақ барлық тараптарды тәртіпке шақырады, процесс барысында шешілмеген және қанағаттанбаушылықты туғызған даулы сәттер болған жағдайда, тараптардың екеуі де дұрыстығына не бұрыстығына көз жеткізу үшін электрондық жазбаға жүгіне алады, АБТ жүйесі процесте өз қызметтік өкілеттіліктерін жүзеге асыратын судьялар мен басқа да адамдар үшін қасақана жала жапқан немесе осындай жағдайлар болып жатса, белгілі бір кепіл бере алады», - деді Б. Мақұлбеков.

Сонымен қатар осы инновациялық технологиялар туралы айтқан кезде, судья Жоғарғы Сотта қолданылып жатқан талдау бағдарламасын да тілге тиек етті. Талдау бағдарламасының негізінде республикадағы соттардың қараған істері бойынша сот тәжірибесін жинақтап, белгілі бір жүйеге келтіруде үлкен мәселелер атқарылуда.

«Жоғарғы Соттың интернет ресурсына бір тәулікте шамамен 50 мыңға жуық адам кіре алады. Ал өткен жылы СМС хабарламасы арқылы соттардың 3 миллион істері бойынша 7 миллион хабарлама жіберілді. Міне, осындай істер Жоғарғы Сотта атқарылып жатыр», - деп түйді сөзін Б. Мақұлбеков.