«100 қадам»: Энергетика - ел ертеңі
Нақтырақ айтқанда, электр энергетика саласы халықтың көкейінен шығуы тиіс. Қазір осы бағытта бірнеше ауқымды шаралар қолға алынуда.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 50 қадам «Электр энергетикасын қайтадан құру», «Бірыңғай сатып алушы» моделін бекіту» деп аталады. Бұл өңірлер арасындағы электр энергиясының әртүрлі тарифтерін реттеуге мүмкіндік береді. Жасыратыны жоқ, электр энергиясы түрлерінің тарифтері барлық жерде бірдей емес. Тұтынушылар тарапынан тарифтердің жиі өзгеріске ұшырауына байланыста наразалықтардың туындауы мүмкін. Бұған жол беруге болмайды. Сондықтан да электр энергетика саласын ұлғайта құрып, «Бірыңғай сатып алушы» моделі енгізілгені жөн. Қазіргі таңда электр энергетика саласын қайта ұйымдастыру аясында ҚР Энергетика министрлігі салаға инвестицияларды ынталандыратын жаңа тарифтік саясатты енгізу жұмысын жүргізіп жатыр. Қуат өндіретін ұйымдардың арасында бәсекелестікті дамыту үшін электр қуатын сатып алу орталықтандырылған сауда-саттықтарда жүргізілетін болады. Сонымен қатар қуатты сатып алумен Есептік-қаржы орталығы - Тікелей ұзақ мерзімді шарттар жөніндегі бірыңғай сатып алушы айналысатын болады. Бұл инвесторларға жаңа жинақтаушы қуаттарды салуға және жұмыс істеп жатқандарын кеңейтуге кеткен салымдарын қайтаруының кепілдіктерін алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, 51-қадамда «Өңірлік энергетикалық компанияларды (ӨЭК) ірілендіру» мәселесі қойылған. Бұл энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін артырады, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендетеді, тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайтады. Осының өзі тұтынушы тілегіне сай келетіні талас тудырмайды.
Ал, 52-қадам «Электр энергетикасы секторында салаға инвестиция тартуды ынталандыратын жаңа тариф саясатын енгізу» деп аталады. Әрине, тариф құрылымы өзгертуді талап етеді. Тарифтерде 2 құрылушы ерекшеленеді: күрделі шығындарды қаржыландыру және электр энергиясы өндірісінің ауыспалы шығындарын жабу үшін пайдаланылатын электр энергиясы үшін төленетін ақы белгіленетін болады. Бұл шығынды өтеу әдісі бойынша тарифтерді бекітетін қазіргі ахуалды өзгертуге мүмкіндік береді.
Көріп отырғанымыздай, ел экономикасын ілгері дамытудың басты тегершігіне айналған электр энергетикасының оңтайлы жолдары баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекеттің Ұлт жоспарында осылайша көрініс тапқан. Ендігі міндет - осыны дәйектілікпен іс жүзіне асыру.
Қазірдің өзінде еліміздің электр энергетика саласын әртараптандыру мақсатында ауқымды істер атқарылып жатыр. Мәселен, Жамбыл облысында тікелей шетелдік инвестицияларды тартумен жаңартылмалы қуат көздері саласында Қазақстандағы алғашқы ауқымды жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы жаңартылмалы қуат көздерін дамыту бойынша ел өңірлерінің ішінде көшбасшылардың бірі болып табылады.Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру үшін халықаралық қаржы институттары - Еуропалық қайта құру және даму банкі және Таза технологиялар қоры тарапынан қорландыру тартылды. КЭС-да электр қуатын өндіретін 192 мыңға жуық күн панельдері орнатылған, олар жылына орташа алғанда 73 млн. киловатт сағат бере алады. Осы жобаны іске асыру арқылы Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі қуаттың жетіспеушілігін жабуға болады деп күтілуде. Осы жылдың соңына дейін инвесторлар КЭС қуатын 100 мВт дейін кеңейтуді жоспарлап отыр, бұл жұмыс орындарын ұлғайтып, электр қуатымен 30 мыңға жуық ауланы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.