100 ҚАДАМ: Ұлт Жоспарында сот жүйесі бойынша бекітілген барлық жаңашылдықтар 2016 жылдан бастап іске асуда - А.Рахметуллин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлт Жоспарында сот жүйесі бойынша бекітілген барлық жаңашылдықтар 2016 жылдан бастап іске асуда.

Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Абай Раxметуллин мәлім етті.

«100 қадам» Ұлт Жоспары реформасында сот жүйесіне баса назар аударылған. Бұл мемлекеттің одан әрі дамуындағы соттардың ерекше рөлін көрсетеді. Қазіргі уақытта сот төрелігін тиімділік деңгейі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және өзге де салаларын табысты жаңғыруын айқындаушы фактор болып табылады. Бұл бәсекеге қабілетті ұлтты дамыту үшін қажетті шарт», - деді ол тілшімізге берген сұхбатында.

Оның сөзі бойынша, бүгінде Жоғарғы Сотта жүктелген екінші институционалды реформаның барлық 11 қадамы заңнамалық тұрғыдан іске асырылды деп айтуға толық негіз бар.

«Аталған бағыттағы жұмыс тиісті мерзімде және лайықты деңгейде жүргізілді. Ұлт Жоспарында сот жүйесі бойынша бекітілген барлық жаңашылдықтар 2016 жылдан бастап іске асуда. Бұл жаңашылдықтардың барлығы отандық сот жүйесін неғұрлым жаңғырта түсті», - дейді А. Рахметуллин.

Алқа төрағасының еске салып өткеніндей, Қазақстанда жаңа Азаматтық процессуалдық кодекс пен «Жоғары сот кеңесі туралы» жаңа заң қабылданды. «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңға, қылмыстық-процессуалдық кодекс пен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Бұл заңдардың әлеуеті зор екендігін атап өткен жөн. Мемлекет Басшысының жаңа редакциядағы «Азаматтық-процессуалдық кодекске» жариялы түрде қол қоюы - оның ел өміріндегі маңыздылығын айқын көрсетті. Президент жаңа кодекс республиканың құқықтық кеңістігі түбегейлі жаңаша өзгерістер әкелетіндігін айырықша атап өткен болатын. Азаматтық-процессуалдық кодекс сот төрелігін тиімділігін арттыру және сот даулары бойынша бітімгершілік институтын қалыптастыруға бірқатар мәселелерін шеше алады. Жалпы алғанда, жаңартылған заңнама қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал ететін болады», - деп түйді сөзін А. Рахметуллин.