«100 мектеп, 100 аурухана» аясында 455,8 млн. теңге көлемінде заңбұзушылық оқиғалары орын алды - Ж.Досқалиев

АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ -  «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 455,8 млн. теңге көлемінде заңбұзушылық оқиғалары орын алған.

 Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, Бас прокуратура жүргізген тексерістің нәтижесінде Көкшетау қаласындағы Қан орталығын салу кезінде тапсырыс берушінің сметалық құжаттарды 35,8 млн. теңгеге асыра әзірлегендігі анықталды. Сондай-ақ Қостанай облысында қалалық клиниканың құрылысы барысында 243 млн. теңгенің құрал-жабдықтары есептен шығарылып, ал Оңтүстік Қазақстан облысында 177,3 млн. теңге көлеміндегі нысаналы трансферттер басқа бағдарламаларға жіберілген. Шығынның жалпы көлемі 455,8 млн. теңгені құрады.