Оның айтуынша, денсаулық сақтау нысандары бойынша аталған бағдарламаның мерзімі жыл сайын кейінге шегеріліп жатады. «Ал шенеуніктер сол үшін ешбір жауапкершілікке тартылмайды. Бұл бағдарлама 2011 жылы аяқталуы тиіс болған. Алайда бүгінде оның нәтижесі қыруар қаражатты ақтамай тұр», - дейді А.Бекенов. Депутат атап көрсеткендей, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында ел қазынасына 1,5 млрд. теңге көлемінде шығын келді. 34 қылмыстық іс қозғалды. «Сонда әрбір үшінші нысан бойынша бір қылмыстық іс қолға алынды», - деп атап көрсетті халық қалаулысы.
18:20, 22 Қараша 2013
«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы үшін кім жауап береді? - депутат А.Бекенов
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Бүгінде «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарамасының нәтижесі оған салынған қыруар қаражатты ақтамайды. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Бекенов осылай айтты.