100 мың студент кәсіпкерлік негіздерін тегін оқиды – Үкімет басшысы
«Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жоғарыкурстардағы 100 мың студент тегін түрде ЖОО-лар жанындағы кәсіпкерлік негізіноқи алады. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында микронесиелеу шығындары83 млрд теңгеге дейін артты. Ал жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 18 мыңазаматқа 18 млрд теңге көлемінде мемлекеттік грант бөлінеді», - деді АсқарМамин.
Үкімет басшысының айтуына қарағанда, азаматтарды жұмыспенқамту бағдарламаларына көптеп тарту үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентқалаларында 15 мобильді жұмыспен қамту орталығы ашылған. Жыл соңына дейін ондайорталықтар тағы 15 жерде жұмысын бастайды.
«Экономикадағы еңбек күші нарығында оң динамикабайқалады. Орташа есеппен жылына елімізде 300 мың жаңа жұмыс орны ашылады. 1тамыздағы жағдай бойынша 227 мың жұмыс орны құрылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңіменсалыстырғанда бұл 13 пайызға артық көрсеткіш. Осының арқасында 7 айдың ішіндежұмыссыздықдеңгейі 4,8 пайызға азайды», - деді ол.
Айта кетсек, елордада ҚР Тұңғыш Президенті – ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілгенотырысы өтіп жатыр.