«100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламаларды бір жүйеге біріктіруге мүмкіндік берді - С. Боқаев

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жүзеге асыру механизмдері түсінікті жүйелі-жинақтаушы қызмет атқарады. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» тілшісіне Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Санжар Боқаев айтты.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары өте маңызды «жинақтаушы» қызмет атқарады. «2050 Стратегиясы», «Нұрлы жол», «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты мен міндеттері және оларды жүзеге асыру механизмдері өзара тамаша сәйкестендірілген», - деді Ішкі саясат басқармасының басшысы.

Ол сонымен қатар, түрлі бағдарламаларды өзара тиімді түрде сәйкестендіру үшін оларға біртұтас жүйенің ажырамас бөліктері ретінде қарау керектігін айтты.

«100 нақты қадам» атты Ұлт жоспары әр түрлі мемлекеттік бағдарламаларды тура бір «Пазл» секілді біртұтас жүйеге біріктіруге мүмкіндік берді. Бұл жүйенің жүзеге асыру механизмдері түсінікті. Сондай-ақ, қоғамның талап-тілектері де, болашағы бар даму жоспарлары да толық қамтылған», - дейді С. Боқаев.