«Мемлекет басшысы өзінің «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде әлемдік қайымдастық алдына жаңа кең ауқымды қауіп-қатерлер төнгендігін атап өтті. Ол - жаһандық экономикалық дағдарыс, әлемдік валюталық дағдарыс, девальвация. Бүгінде тұтас бір аймақтың аумағын қақтығыстар шарпып кеткен. Сонымен қатар, әлем бойынша, бұрын-соңды болмаған миграциялық дағдарысты көріп отырмыз.
Қазақстан әлемдік қауымдастықтың ажырамас бір мүшесі ретінде осы қатерлердің екпінін сезініп отыр. Осы жағдайда ҚР Президентінің бірлік пен ықпалдастыққа негізделген мемлекеттік бағытына балама жоқ десе де болады. Мемлекет Басшысының сәтті әрі сара саясатының арқасында тұрақтылықтың, өсімнің және жасампаздықтың маңызды әлеуеті қалыптасты», - деді ол «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында өткен жиында.
Оның пікірінші, Қазақстан бағытын «Қазақстан-2050» бағдарламасы, өзінің сипаты бойынша, елді экономикалық дағдарыстан аз шығынмен алып шығуға бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасы, сонымен қатар елдің болашаққа арналған межесі - «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары реформалар жиынтығы анықтап беріп отыр.
«Осы мемлекеттік бағдарламалар және «100 нақты қадам» реформалары «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізіне айналды. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, «Нұр Отан» партиясының бұның алдындағы тұғырнамасында белгіленген ең негізгі міндеттемелер уақытынан бұрын орындалды», - деп түйді ойын Ф.Қуанғанов.