«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы өзгерістер жаңа серпіліс беретіндей өзгеріс болуы керек - Айдос Сарым

АСТАНА. ҚазАқпарат - «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы өзгерістер қалыптасқан жүйені де ескеруі керек. ҚР Парламенті Мәжілісі мен әр түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысты пікір білдірген білгілі саясаттанушы Айдос Сарым осылай мәлім етті.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында кем дегенде 10-15 нақты бағыты өзгерістерді талап етеді. Сот жүйесі және басқалары да. Осының бәрі сөзсіз үлкен кәсіби жұмысты қажет етеді. Ол жерде экономикалық та, құқықтық та мәселелер бар.

Өзгерістер елімізде қалыптасқан жүйені де ескеруі керек, екіншіден ары қарай дамытатындай жаңа бағыт, жаңа серпіліс беретіндей өзгеріс болуы керек сияқты», деді саясаттанушы.