«100 нақты қадам» Ұлт жоспары біздің саламыздағы стратегиялық дамудың магистралдық жолдарын анықтады - А. Мұxамедиұлы

АСТАНА. ҚазАқпарат - "100 нақты қадам" Ұлт Жоспары бүгінгі күні біздің саламыздағы стратегиялық дамудың магистралдық жолдарын анықтады. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Арыстанбек Мұxамедиұлы мәлім етті.

"Институционалдық реформаларды іске асыру шеңберінде "Біртектілік және бірлік" xалықаралық тәжірибе мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мемлекеттерінің стандарттарын негізге ала отырып, 19 нормативтік-құқықтық акт әзірлеу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілді. Соның 18-і қазіргі таңда бекітілді. Мәдени саясаттың тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді", - деді министр.

Оның сөзі бойынша, қазіргі уақытта әлемде жаһандық өзгерістер орнап келеді және осы ретте "100 нақты қадам" Ұлт Жоспарының жүзеге асырылуы үлкен рөл атқарады.

"Біздің алдымызда енді бұдан да үлкен міндеттер қойылған. Олар бізден креативті ойлауды ғана емес, жұмыс әдістерінің инновациялық шешімдерін енгізуді талап етеді. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, қазіргі уақытта әлем жылдам өзгеруде. Басқа дәуір келе жатыр. Жаһандық қауіп-қатерге толы уақыт орнауда. Осы тұрғыда кластердің даму катализаторы креативті индустрия болып табылады", - деп атап өтті А. Мұxамедиұлы.

Айта кетейік, министрліктің алқа мәжілісі мемлекеттік органның 2015 жылғы жұмысының нәтижелері және 2016 жылға қойылған міндеттер талқылануда. Оның жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, министрлік басшылығы, комитеттер төрағалары мен департамент директорлары, БАҚ қатысуда.