«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелері бойынша РАНТ мүшелері Қармақшы ауданы тұрғындарымен кездесті
Кездесуде республикалық ақпараттық-насихаттық топ жетекшісі ҚР Инвестиция және даму министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Байтұқбаев «100 нақты қадам» бойынша жан-жақты талдау жасап, тұрғындарға түсіндіріп өтті. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы Мұрат Имандосов индустриялық-инновациялық дамудың «100 нақты қадамда» көрсетілген бөлімдері бойынша аймақта атқарылып жатқан істерге тоқталды. Ұлт жоспарындағы Елбасы жүктеп отырған міндеттердің маңыздылығын, үшінші реформада көзделген индустрияландыру, жаңа экономикалық өсімге үлкен көңіл бөлудің қажеттігін ерекше атап өтті.
Жиында аудан әкімі Сұлтан Мақашов Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы жылы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына байланысты хабарлама жасап, аталған жоспардың негізгі міндеттері мен еліміздің даму жолындағы қадамдарын, Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге қарсы тұруын, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі, бағдарламаның «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бөлімдеріне ерекше тоқталып өтті.
Жиын соңында аудан әкімі республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне аудан тұрғындары атынан алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.