100 нақты қадамды орындау үшін Парламентке серпіліс керек - депутат

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі Парламент өз миссиясын толық орындады, сондықтан, 5 институттық реформа аясында 100 нақты қадамды орындау үшін серпіліс керек,-дейді Мəжілістегі Қазақстанның коммунистік партиясы фракциясының депутаты Айқын Қоңыров.

"Еліміздің барлық коммунистері Парламент Мəжілісінің мерзімінен бұрын парламенттік жəне мəслихат сайлауын өткізу туралы үндеуін бірауыздан қолдайды. Ендеп келе жатқан экономикалық дағдарыс кезінде, оның үстіне, кейбір елдерде геосаяси жағдай ушығып тұрған кезде Қазақстан биліктің заң шығарушы жəне өкілетті органдарын жаңартып алуы керек. Қазіргі Парламент өз миссиясын толық орындады, сондықтан, 5 институттық реформа аясында 100 нақты қадамды орындау үшін серпіліс керек",-дейді депутат.

Яғни, А.Қоңыров атап өткендей, Қазақстанның дамуын қамтамасыз етуге қандай партиялар күш салу керектігін анықтап алатын мүмкіндік туып отыр.

"Егер үндеу Президент тарапынан қолдау тапса, сайлау өтіп, жаңа көп партиялы парламент жаңа жұмысын уақытында бастайды деген сенімдеміз. Өздеріңіз білетіндей, көптеген заң жобалары жаңарғаны белгілі, жаңартулар Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық əлеуетін арттыруға бағытталған. Енді сол заң жобаларын іс жүзінде жүзеге асыратын уақыт келді",-деді А.Қоңыров.