Қазір «100есім.ел.кз» порталында қатысушылардан өтінім қабылдау басталды. Науқан қазан айының ортасына дейін жалғасады. Артынша, қазақстандықтар онлайн дауыс беру арқылы ел дамуына елеулі еңбек сіңіріп жүрген отандастарының жүздігін таңдайды.
«Бұл жердегі өзгеріс былтырғы жылға қарағанда, жасы 18-ге толған, әр сала бойынша өзінің жеткен жетістіктерімен мақтана алатын азаматтар қатыса алады. Ал былтырғы жылы осы азаматтар өздерін жеке тұлға ретінде ұсына алатын болса, биыл әр азаматтарды кез келген ұйым өзінің атынан ұсына алатын болады. Осындай ерекшеліктері бар», - деді ҚР ҚДМ Жастар және отбасы комитетінің басқарма басшысы Мақсат Мәжитов.