«100 жаңа оқулық» -түбегейлі қозғалыс

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең көп таралған тіл – ағылшын тілі. Тура осы заңдылық бойынша ілім-ғылымның да негізгі тілі – ағылшын тілі. Ғылыми жұмыстар, жаңалықтар, зерттеулер әуелі осы тілде жарияланады. Қайбір кездері осы тілдердегі білімді алу үшін тілді меңгеру, шетелге барып оқу керек болды. Ал қазір ше?

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аттымақаласында дәрігерлер мен мұғалімдер ғана емес, болашақты түсінетін, заманауикөзқарастарын қалыптастырған мамандардың ауадай қажет екенін де айта кетеді.Бұл – даусыз. Жаһанданған заман өзгерістерінен хабары бар, болашағын нақбағдарлай алатын, жаңашылдықтардан хабары бар, өзі таңдаған саланың «құлағындаойнайтын» мамандар қай қоғамға болмасын, қай уақытта болмасын ауадай қажет-ақ.Осындай мамандарды дайындау үшін, әлемнің үздік оқу құралдарын кез-келгенЖОО-да оқитын студентке қолжетімді ету үшін, әлемдік аренадағы ілім мен білімдіәр ауылдың колледж студенттері тегін ала алуы үшін «100 жаңа оқулық» жобасы іске асырылып келеді. Психология,менеджмент, кәсіпкерлік, философия және т.с.с. жаңа заман мамандықтарынаарналған әлемнің озық оқыту құралдары енді қазақ тілінде сөйлейді.Ruh.kz сайтының жоба туралы, жобаның нақты қандайоқулықтарды, қалай аударып жатқандары туралы «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдыққорының бас редакторы – Мұхтар Сеңгірбай мырзаменсұқбатын жариялаймыз.

Жүз жаңа оқулықтың жаңашылығы неде?

Мұхтар Сеңгірбай: Елбасы НұрсұлтанНазарбаевтың 2017 жылы жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»мақаласынан бастау алған бұл жобаның жаңалығы туралы көп айтылды. Бұл –гуманитарлық білім салаларының ең озық оқулықтары мен ғылыми еңбектерінмемлекеттік тілге аударып, Қазақстанның жоғары оқу орындарына тегін таратыпберуді мақсат еткен еліміздегі бірден-бір жоба. Бұл ғылым тілін қазақшаландырыпқана қоймай, қоғамдағы күрделі мәселелерді кешенді түрде шешуге мүмкіндікбереді. Ең алдымен жас өскіндердің әлемдегі көп сұранысқа ие оқулықтарға қолжеткізіп, соның арқасында білім нәрінен сусындауына мүмкіндік береді.Аударылатын кітаптарды таңдауда олардың түрлі идеологиялық догматтардан ада,бейтарап ғылыми стильде жазылуына мән беріледі. Сондықтан, онда бұрынғы-соңғытүрлі ғылыми тұжырымдар мен көзқарастар айтылады, ешқайсысына басымдықберілмейді. Бұл оқырманның ғылым саласынан жалпы мағлұмат алып, әрі қарайізденуіне, сыни ойлауына мүмкіндік береді. Елбасы Н.Назарбаев айтқан «Сананың ашықтығы» деген осы болуы керек.

Бағдарлама аясында аударылып жатқан оқулықтардың көбітиісті ғылым саласындағы терминологияны қалыптастыруға жол ашып жатыр. Сала мамандары,беделді ғалымдар мен білікті филологтар жаңа терминдерді қалыптастыруға көп күшсалып жатыр. Бұл жоба біраз кібіртіктеп қалған ұлттық терминжасам процесінеқозғау сала алса, бұл да – ұлттың рухани жаңғыруының бір белгісі болса керек.

Біз байқаған үшінші жаңалығы – бұл жоба жалпы қазақтіліндегі кітап индустриясына, ғылыми-көпшілік аударма ісіне серпін әкеліпжатқан сияқты. Қазірдің өзінде түрлі ғылыми, ғылыми-көпшілік, әдеби жәнемотивациялық кітаптар шығаруға бет түзеген ұйымдар бой көтеріп жатыр. Бұл даболашақта тілдік ортаның сапалы, мазмұнды болуына, сол арқылы жалпы қазақтілінің мәртебесін көтеруге сеп болады деп үміттенеміз.

Рухани жаңғыру жобасының іс жүзінде жалпыұлттық сипат алуы үшін неге көңіл аударуымыз қажет?

Мұхтар Сеңгірбай: Меніңше, еңалдымен әр азамат бұл жобаны науқаншылдық, әлдебір саяси конъюнктураның өтпелібір бөлігі деп емес, үнемі жүретін, тұрақты, түбегейлі қозғалыс деп түсініп,оны өзінен бастауы керек. Жеке өз түсінігімде рухани жаңғыру – кеңестікөткеннің бәрінен көзсіз бас тарту емес, ХХІ ғасырдың адамына сай талғаммен,сыни көзқараспен қарап, адамзаттың осы кезге дейінгі жеткен жетістіктерін екшеппайдалану, оны өзіңе, айналаңа, студенттеріңе, отбасыңа тарату. Көп мәселегебасқа ұлттың көзқарасы арқылы қарау, өз тіліңді, руханиятыңды қор санау сияқтыколониялдық сана-сезімнен арылу, маңайыңды да соған шақыру. Бұл – ұлттықүстемдік емес, нағыз либералдық түсінік, яғни көп білмекке ұмтылу, әлемге түрлікөзқарастар тұрғысынан қарау және мұны өз ұлтыңның дүниетанымымен қабыстырабілу.

Жоба қазірдің өзінде жалпыұлттық сипат алды депойлаймын. Оның нәтижесі осы жобаның аясында тәрбиеленіп, осы оқулықтарды оқыпжатқан ұрпақ өсіп, қоғамға толық араласқанда айқын көрінеді деп үміт етеміз.

100 жаңа оқулықтың келесі сандары латынқарпінде жариялануы мүмкін бе?

Мұхтар Сеңгірбай: Қазақ тілінлатын қарпіне көшіру – рухани жаңғыру жобасының аса маңызды бөлігі. Бұл әсіресесананың ашықтығы, бәсекеге қабілеттілік, ұлттық бірегейлікті қалыптастырутұрғысынан өте қажет шара.

Алғашқы 18 оқулық шыққан кезде-ақ кітаптарды латынқарпімен шығару туралы идея болған. Мұндай пікірлер қазір де көп айтылады.Дегенмен, жаңа қаріптің емле ережелері әлі бекітілмегенін, оның апробацияданөтпегенін ескеріп, әзірге латын қарпіне көшуді кейінге шегеріп отырмыз. Қаріпдайын болғанша ғалымдар, студенттер мен оқушылар қазіргі әліпбимен оқып, танысабереді. Болашақта бұл кітаптардың латын қарпімен жаңарып, қайта басыларынасенеміз.

Оқулықтар ауыл оқушыларына қолжетімді ме?

Мұхтар Сеңгірбай: Оқулықтар 130жоғары оқу орны мен 130 колледжге 10 мың данамен таратылды. Оныңүстіне openu.kz сайтынан «Ұлттық аударма бюросында» шыққан барлық кітаптыңэлектронды нұсқасын ашып, оқуға болады. Яғни, кітаптарды Интернеті бар кезкелген адам аша алады. Бұған қоса, сала ғалымдарының қатысуымен барлық оқулыққақазақ, орыс тілдерінде видеолекциялар әзірленіп, сол ресурсқа салынып жатыр.Кітаптардың кейбірінің аудионұсқалары әзірленіп, оларды да жүктеп жатырмыз.Халықтан сұраныс болғандықтан, кей оқулықтарды кітап дүкендеріне шығардық.Қысқасы, оқулықтар қалың оқырманға жетуі үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрінжасауға тырысып жатырмыз.

Сұқбатыңызға рақмет!Еңбегіңіз жемісті болсын!

«Елдің болашағы – жастар» деген сөздің айтыла-айтылақадірі кеткен секілді. Десе де бұл – ақиқат. Жастарға жасалған жақсылық – елертеңіне жасалған, болашаққа жасалған ең тиімді инвистиция. Жастарымыздыңсауатты болуы, жастарымызды жаһанданған жаңа заманға сай болуы – үлкен мәселе.Сондықтан тұтас ұлт болып қолға алынған жобаларды, игі істерді барыншақолдауға, барынша тиімді пайдалануға шақырамын. Жарқын Қазақстанның алтынболашағын бірге жасалық!

Соңғы жаңалықтар