Жаңарған банкноттар бұрынғы түсін сақтап қалған және қосымша қорғайтын элементтермен қамтылған.
«Банкноттың күміс түстес жолағының жоғарғы жағында € символы бар. Ол қағаз ақшаны еңкейткенде, санның жан-жағын айнала қозғалып, сәуле тікелей түскенде анық көрінеді. Күміс түстес жолақта Еуропа портреті, сәулеттік сарын мен € үлкен символы бар», - делінген ЕОБ хабарламасында.
Жаңа банкноттардағы номинал саны зүмірет түстес және үлкен қаріппен жазылған. Банкнотты еңкейткенде, санның ішінен € белгісі пайда болады.
Олардың ені де өзгерген - екі банкноттың көлемі 50 еуролық қағаз ақшамен бірдей болады. Оларды әмиянға салу жеңілдей түседі.
Аталып өтілгендей, бұрынғы үлгідегі 100 және 200 еуролық банкноттар заңды төлем құралы болып қала бермек және ақырын қолданыстан шығарыла бастайды.