ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Диана Бергенова «101» қызметінде 8 жылдан астам уақыт бойы диспетчер болып жұмыс істейді. Бос уақытында ол қолөнермен айналысады.
«Бала күнімнен сурет салғанды ұнатамын. Қазір осы қызығушылығым табыс көзіне айналды. Тұсау кесуге, қыз ұзатуға жазулар, бұйымдар жасаймын. Жақсы матаны, негізінен фетрді таңдаймын. Себебі ол формасын жақсы сақтағандықтан, бұйым сәтті шығады. Өз жұмыстарымды таныстарыма, достарыма, туыстарыма сыйлаймын»,- дейді Диана.
Азаматтық қорғау капитаны 10 жыл ішінде түрлі бұйымдар жасаған. Диана әріптестеріне әрдайым «трендте» болуға, өздері қызығатын істерді дамытуға уақыт бөлуге шақырды.