101 жастағы қарт АҚШ Конгресі Өкілдер палатасына сайлауға түспек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың 101 жасар тұрғыны АҚШ Конгресі Өкілдер палатасына сайлауға түсетінін жариялады. Флорида тұрғыны Джо Ньюман өз үміткерлігін сайлауалды сайтта тіркеді.

Ньюмон сайлауға ресми түрде түспегенімен оны есімі дауысқа салынады. АҚШ сайлау жүйесі кез келген адамға өз атын бюллетенге жазып үміткерлер қатарына қосуға мүмкіндік береді. Артынан дауыстарды санағанда оның да аты есепке алынады, деп жазады кorrespondent.net. Егер Ньюмон жеңсе, ол Өкілдер палатасында жаңа рекорд орнатады. Қазіргі рекорд иесі - 1981 жылғы сайлауда жеңіске жеткен 90 жасар Ральф Холл.