101 жастағы үнділік кейуана жүз метрлікке жүгірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Окленд қаласында (Жаңа Зеландия) Үндістаннан келген 101 жастағы спортшы Ман Каур (Man Kaur) 100 метрлік қашықтықты 1 минут 14 секундта бағындырды.

Бұл туралы ВВС хабарлады.

Каур Бүкіләлемдік қарттар ойынындағы осы жас дәрежесіндегі  жалғыз желаяқ болды. Әйел жарыс басталар алдында медициналық тексеруден өткен.

Каур спортпен өзінің ұлы Гурдевпен (Gurdev) бірге 93 жасында шұғылдана бастаған.