«Бүгінгі таңда «Қазсушар» РМК теңгеріміндегі 206 гидротехникалық құрылыстың 102-сі су тасқыны қаупі бар объектілер қатарына жатқызылды. Су басу аймағында 102 объект 296 елді мекенге жақын орналасқан, онда 2 547 649 адам тұрады», - деді Экология министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, су тораптары мен су қабылдағыштар қанағаттанарлық жағдайда.
«Су басу қаупін жою мақсатында министрлік жөндеуді қажет ететін 41 гидротехникалық құрылыс қайта жаңартылып жатыр. 2017-2022 жылдары 16 нысан қалпына келтірілді. Нәтижесінде 120 мыңнан астам халқы бар 19 ауылдық елді мекенде су тасқыны жойылды. Оның ішінде Алматы облысында жинақтау көлемі 42 млн текше метр Қызылағаш су қоймасы қайта жаңартылды. Биыл тағы 2 су қоймасы қалпына келтіріледі. Осы жобалар іске асырылған жағдайда 300 мың халқы бар 40 елді мекенді су басу қаупі мәселесі шешілмек», - деді З. Сүлейменова.