102 жастағы әнші концерт берді

None
ТОКИО.  Шілденің  11-і. ҚазАқпарат -   Жапонияда  102 жастағы  әншінің  концерті    өтті.     Бұл   шара Осака   қаласында  болды.    Айко  Кано   ханым  100 жылдық пианиномен өзін сүйемелдеді, 

деп  хабарлайды  ҚазАқпарат  РСН агенттігіне  сілтеме  жасап.

Әнші  өзінің   бұл концертін «музыкада  бір ғасыр  өмір сүрген екеудің   концерті»   деп  атады.    «Ол  аспап  менің    дәуірімнен болғандықтан,   екеуіміз   жақсы үндесіп    отырмыз»,  деп  әзілдейді Айко  Кано ханым.

Жапонияның   Денсаулық сақтау министрлігінің  мәліметі бойынша,    былтыр   100 жылдықтарын тойлаған   жапондықтардың саны   36 мың адамнан  асқан.