104 сотталушы өз еріктерімен рақымшылықтан бас тартты - ҚАЖК

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде мерзімінен бұрын-шартты босатылуды немесе қылмыстың мерзімі аяқталуы бойынша бостандыққа шығуды таңдаған 104 сотталушы өз еріктерімен «Рақымшылық туралы» Заңның қолданылуынан бас тартты.

 Бұл туралы ІІМ ҚАЖК-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай қабылданған «Рақымшылық туралы» Заңның іске асырылуының соңғы фазасы басталды,  деп хабарлады ІІМ ҚАЖК-нің баспасөз қызметі.

 Рақымшылықтың заңды түрде қолданысқа енген күнінен бастап (2012 жылдың 22 қаңтарынан) қылмыстық ізге түсу органымен 5,5 мыңнан астам қылмыстық іс тоқтатылды, сондай-ақ қосымша тексеру материалдарының нәтижесі бойынша 1 375 оқиғада қылмыстық іс қозғау қабылданған жоқ.