104 жасар зейнеткер Еуропада ең егде спринтер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 104 жасар поляк Станислав Ковальски Еуропадағы жүз метрлік қашықтықты жүгіріп өткен ең егде адам атанды. Қашықтықты жүгіріп өткен зейнеткер өзін «жаңа адам» ретінде сезінгенін, спортпен айналысуды доғармайтынын мәлімдеді. Рекордшының айтуынша, ол ешқашан дәрігерге жүгінбеген, - деп хабарлады Metro.

Станислав Ковальски ұзақ өмір сүру құпиясымен де бөлісті, ол өзін бақытқа бөлейтін іспен ғана айналысуды мақсат еткен. Ер адам 12 жыл бұрын жүгіреуді бастаған және жеңіл атлетикада таңқалардық табыстарға жеткен.

Польшалық Вроцлав қаласының тұрғыны 100 метр қашықтықты жүгіруден алдыңғы рекордшыдан сегіз жасқа үлкен, ол бұл қашықтықты өзінің ізашарынан бір секундқа жылдам еңсерді. Ковальски 32,79 секундта ойдағыдай жүгіріп өтті.

"Менің атам үнемі «Бастысы - қобалжымау керектігін» айтады. Ол өте сабырлы жан", - деді рекордшының немересі атасының еуропалық рекордты еңсергенінің куәсі болған Марк Басзак.