«Адамның жасы – жай ғана сандар», - деді Дороти Хоффнер жексенбі күні парашютпен секіріп, табаны жерге тиген кезде.
Ол Чикагодан оңтүстік-батысқа қарай 85 миль (140 шақырым) қашықтықта жерге қонды. Әжей 4100 метр биіктен секірген.
Ең кәрі парашютшы ретінде Гиннес рекордын 2022 жылдың мамыр айында швециялық 103 жастағы Линниа Ингегард Ларссон орнатқан болатын.
Ал қазір Чикагодағы Skydive компаниясы Хоффнердің есімін Гиннестің рекордтар кітабына енгізуге талпынып жатыр.