Оны 39,79 секундта жүгіріп өткен 104 жастағы Станислав Ковальски жеңімпаз атанды. Бір қызығы, қарт-спортшы өзінің бұрынғы рекордын бір секундқа жаңартқан. Қарияның айтуынша, осы ғұмырының ішінде диета сақтамаған, ептеп арақты да ұрттайтын көрінеді. Ал түнге қарай асты мөлшермен ішуге тырысады.
Ковальски жүгірумен 12 жасынан бастап шұғылданған. Жасы ғасырдан асқан қарт халықаралық жарыстарға қатысуды да ойлап жүр.