«Республика аумағының басым бөлігі атмосфераның фронтальді бөлімдерінің ықпалында болады. Осыған байланысты түнде жаңбыр және қар, күндіз жаңбыр болуы ықтимал. 11-12 сәуірде елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын, жаңбыр мен қар жауады деп болжанады», - деді «Қазгидромет» өкілі.
Оның айтуынша, аталған күндері ел аумағында түнде тұман түсіп, күндіз кей өңірлерде найзағай ойнауы мүмкін.
«Республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман, күндіз батыс пен оңтүстік аймақтарда найзағай, орталықта, шығыс пен оңтүстік-шығыста екпінді жел күтіледі», - деді Алина Исмагулова.