«Қазір елімізде коронавирус инфекциясынан 11 816 адам емделіп жүр. Олардың арасында 781 бала бар. Стационарларда 3 276 науқас жатыр. 8 540 адам амбулаторияда емделіп жүр.
Жалпы науқастардың арасында 208 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 31 науқастың жағдайы аса ауыр. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», делінген хабарламада.
09:29, 27 Қараша 2020
11,8 мың қазақстандық коронавирустан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 11,8 қазақстандық коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 208 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.