ЕСІМДЕР
79 жыл бұрын (1945) Қазақ радиосының сандуғашы, қырық жылға жуық диктор болған Сауық Мәсіғұтқызы ЖАҚАНОВА дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
«Сөйлеу техникасы», «Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті» кітаптарының авторы.
1966-2002 жылдары Қазақ радиосының дикторы, 1998 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахна сөзі оқытушысы, 2000 жылдан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің оқытушысы, доцент.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. ҚР еңбек сіңірген әртісі.
45 жыл бұрын (1979) спортшы және қоғам қайраткері, жекпе-жек өнерінің өкілі, ММА, джиу-джитсу және каратэ бойынша 5 дүркін әлем чемпионы Айдар Әлімжанұлы МАХМЕТОВ дүниеге келді.
Каратэден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, панкратион бойынша халықаралық спорт шебері, джиу-джитсудан халықаралық спорт шебері.
Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері.
1996 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2002 жылы Кассель университетін бітірген, экономика ғылымдарының магистрі. 2011 жылы Кельн университетінің докторантурасын бітірді, Саясат ғылымдарының докторы (Dr.rer.pol.).
Еңбек жолы: 2004-2006 жылдары «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ басқарушы, жетекші менеджер, бас менеджер, коммерцияландыру департаментінің директоры, «Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығы» РМК маркетинг департаментінің директоры, 2006-2007 жылдары «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ инвестициялық менеджері, 2008 жылы Неміс Даму және Инвестициялық Банкінің қызметкері – DEG, Кельн, Германия, 2008-2010 жылдары HeidelbergCement тобының ТМД елдері бойынша аға кеңесшісі, 2010-2011 жылдары «Астана» велокомандасының коммерциялық директоры, 2012-2013 жылдары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Сыртқы және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры, 2013-2015 жылдары «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының бас менеджері, қамқоршылық кеңесінің мүшесі, 2015-2018 жылдары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры, 20169 жылы ҚР Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» Ресей мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары болды.
Спорттық жетістіктері: 19989 жылы панкратионнан кәсіпқойлар арасындағы Азия чемпионы, каратэ-шидоканнан 2002 жылғы 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы (WKA: World Karate Association - The Shidokan), Винтертур, Швейцария; ММА бойынша 2002 жылғы 65 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы (WKA, SHIDO), Мессинген, Германия; ММА бойынша 2003 жылғы 65 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы (WKA, SHIDO), Мессинген, Германия; джиу-джитсудан 2018 жылғы әлем чемпионы 75 келіге дейінгі салмақта (ACB - Absolute Championship Berkut, Master 2), Мәскеу, Ресей; джиу-джитсудан 2021 жылғы 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ардагерлер арасындағы әлем чемпионы (UAEJJF), Абу-Даби, БАӘ; джиу-джитсу бойынша 2016 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (IBJJF - Халықаралық бразилиялық джиу-джитсу федерациясы, No-Gi, Master 2, Сан-Франциско, АҚШ) және 2018 (UAEJJF, Master 2, Абу-Даби, БАӘ); 79,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде джиу-джитсудан 2015 жылғы Еуропа чемпионы (NAGA – Солтүстік Америка Грепплинг қауымдастығы, Мастер 30-39 жас), Амьен, Франция; 79,5 келіге дейінгі салмақта джиу-джитсудан 2016 жылғы Еуропа чемпионы (IBJJF – Халықаралық бразилиялық джиу-джитсу федерациясы, No-Gi, Мастер 2), Рим, Италия.
44 жыл бұрын (1980) - «СПК Қонаев» АҚ басқарма төрағасы Мұрат Кеңесұлы ӘБДІҒҰЛОВ дүниеге келді.
2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2003 жылы «құқықтану магистрі», 2017 жылы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын Экономикалық даму бойынша мемлекеттік басқару магистрі дәрежесімен бітірген.
Еңбек жолы: 2001-2002 жылдары Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының бас маманы, 2003-2004 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Заңнама және құқықтық реформа комитеті депутатының көмекшісі, 2004-2005 жылдары Әділет бірінші вице-министрінің көмекшісі, 2005-2006 жылдары «KazPetroil» ЖШС заң департаментінің директоры, 2006-2007 жылдары «ҚазақстанКаспий Шельф» АҚ келісімшарт бойынша бас маманы, 2007-2008 жылдары «Интерстрой НС» ЖШС заң бөлімінің бастығы, 2008-2009 жылдары «Алматы Пауэр Консолидатед» АҚ Техникалық шарттар департаментінің келісім-шарттарды дайындау бөлімінің бастығы, 2009-2010 жылдары «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Техникалық жағдайлар басқармасының бастығы, 2010-2012 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Астана Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету департаменті» АҚ директорының орынбасары, 2012-2014 жылдары «Алматы электр станциялары» АҚ сатып алу жөніндегі коммерциялық директор, жабдықтау жөніндегі басқарушы директор, 2014-2016 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ аппарат басшысы, бас коммерциялық директоры, «Самұрық-Энерго» АҚ Сатып алу және әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры, 2016-2017 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ жабдықтау жөніндегі басқарушы директоры, «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры, 2022-2023 жылдары «KBI Energy» ЖШС бас директоры, Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі; «Қазақстан темір жолы» АҚ «KTZ Express» акционерлік қоғамының «KTZE Commerce» филиалының директоры қызметтерін атқарды.
2023 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
43 жыл бұрын (1981) Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі Досбол Батырбекұлы ҚҰЛЕКЕЕВ дүниеге келді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы (бакалавр, магистр) бойынша, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мұнай және газ инженері» мамандығы бойынша бітірген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Экономика ғылымдарының PhD докторы.
Еңбек жолы:2002 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқарушысы, 2007-2015 жылдары «Интергаз Орталық Азия» АҚ әртүрлі лауазымдар атқарды, 2015-2022 жылдары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Петро Ритейл» ЖШС-де басшысы қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары болды.
2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.
101 жыл бұрын (1923 жылы) Қазақстанның халық әртісі, театр және кино актері Юрий Борисович ПОМЕРАНЦЕВ дүниеге келген.
Украинада, Киев қаласында туған. Ал біраз уақыт өткен соң оның отбасы Қарағандыға қоныс аударады. Әкесінің қазасынан кейін оған және оның анасына Мәскеуге көшуге тура келді және сол жақтан майданға аттанды. Ауыр жараланғаннан кейін, 1943 жылы Юрий Борисович Алматыға келіп, өзінің актерлік мансабын бастайды. Актер театр және кинода ондаған рөлдерді сомдады. Көрермендер оны Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер» картинасындағы бас кейіпкер Анатолий Лавровтың рөлінде жақсы таниды. Халық әртісінің бар ғұмыры театрмен байланысты. Осы салада еңбек етіп келе жатқанына 75 жыл толды. Оның 66 жылы Алматыдағы Лермонтов атындағы академиялық драма театрында өтті. Осы уақытта 300-ден аса кейіпкердің бейнесін сәтті алып шықты. Соның ішінде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша 1968 жылы қойылған Абай драмасындағы басты рөлі де бар. 2018 жылдың мамыр айында Юрий Померанцевке ең жоғары дәрежелі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Сонымен қатар, дәл сол жылы актер Ресей Федерациясының «Достық» орденін алды.