Оған сенсек, бүгін атмосфералық процестердің шиеленісуінен және фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Қар жауып, жаяу бұрқасын көтеріледі.
Оңтүстікте – кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр және қар) жауады.
Тек еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша жел күшейеді, тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.