11 ақпанда Қазақстанның төрт өңірінде күшті аяз болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалымен күн ашық болады. Түнде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында кей жерлерде күшті аяз болатыны күтілуде, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, солтүстікте, солтүстік-батыста атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтілуде, кей жерлерде қар жауып, бұрқасынды жел күшейеді.

Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түседі, Жамбыл облысында желдің екпіні 17-22 м/с-қа дейін күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын көтеріледі. Маңғыстау, түнде Атырау облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, тұман түседі. Күндіз Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасындатып, желдің екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.