11 айда Астана тұрғындары саны 30 мыңнан астам адамға өсті

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Астана қаласының тұрғындар саны 30 469 адамға өсті, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты статистика департаментіне сілтеме жасай отырып.

Сонымен, астаналықтардың  жалпы саны  2012 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша  773 387  адамды құрады. Тек қазан айында ғана елорда тұрғындары 3 мыңға тарта көбейіп отыр. 

Халықтың көбі Алматы ауданында - 364 962 адам  (47,2%),  Сарыарқа ауданында - 306 968 адам  (39,7%) тұрады. Ал, Есіл ауданында  - 101 457 адам (13,1%) тіркелген.