Вице-министр өз сөзінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласы шегінде мұнай өндіру көлемінің төмендеуі байқалғанын атап өтті.
«Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мұнай өндіру көлемі 2,4 пайызға төмендеді. Бұл ТШО-ның 27 күнге жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарының 37 күнге созылуымен байланысты. Нәтижесінде ТШО 2014 жылы мұнай өндіру жоспарын 27,1 млн. тоннадан 26,2 млн. тоннаға дейін төмендетті»,- деді М.Әбілқасова.
Сонымен қатар ол өңдеу өнеркәсібіндегі нақты индекс көлемі 0,7 артқанын, ал тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі өндіріс 0,4 пайызға кемігенін атап өтті.