- Қаңтар-қарашада бюджеттік трансферттер аясында Ұлттық қордан 7,8 млрд доллар, ал алтын сатып алуды теңестіру 6,4 млрд доллар болды. Қабылдаған шаралардың нәтижесінде валюта нарығында теңгерім сақталды, - деді Ұлттық банк басшысы.
Сондай-ақ, ол ағымдағы шот тапшылығы былтырғы 9 айдағы -4 млрд АҚШ долларынан биыл -7 млрд долларға дейін ұлғайғанын айтты.
- Бұл негізінен сауда балансы профицитінің қысқаруымен байланысты, - деді Тимур Сүлейменов.
Айта кетейік, бүгін Үкіметте 11 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралып жатыр.