Сонымен қатар ағымдағы жылғы қарашада 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 10,7 пайызға және 2010 жылғы өткен аймен салыстырғанда 10,9 пайызға жоғарылаған.
«2010 жылы бөлшек сауданы тұрақты желілерде жүзеге асыратын сауда кәсіпорындарының қызметі біртіндеп тұрақтанып келеді. Сонымен, 2010 жылы қаңтар-қарашада сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2009 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 1444,4 млрд. теңгеге немесе 13,3 пайызға артық. 2010 жылғы қаңтар-қарашада осы арнада өткізу көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 11,3 пайызғаға жоғарылады, аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 45,8 пайызды құрайды», делінген баспасөз хабарламасында.
Ведомствоның атап өтуінше, халықтың мұқтаждығын әр түрлі тауарлармен қамтамасыз ету отандық өндіріс есебінен, сонымен қатар өзге елдердің импорты есебінен Мәселен, ұн (99,9%), жұмыртқа (95%), ет және ет өнімдері (85%), макарон өнімдері (89%), жарма (85%), сүт өнімдері (80%), қант (76%), өсімдік майы (73%), маргарин (67%), сары май (69%) ресурстары республикадағы өндірісі есебінен қалыптасса, ал мұздатқыштар (100%), кілем және кілем бұйымдары (99,9%), жүн маталары (98%), жуу құралдары (95%), киімдер (92%), шұлық өнімдері (82%), кір жуатын машиналар (74%), аяқ-киім (74%), теледидарлар (55%) ресурстары импорттық түсімдер есебінен толтырылады.