11 қабаттан секіріп кеткен мәскеулік қыз ажалдан аман қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде тұрғын үйдің 11-қабатынан секіріп кеткен 19 жастағы бойжеткен аман қалды. "360" телеарнасы бейнебақылау камерасының жазбаларымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат 360tv.ru-ға сілтемемен.

Оқиға дүйсенбі күні, 24 қазанда, таңғы 6:30-да болған. Подъезд маңына тұраққа қойылған Volkswagen автокөлігі қызды ажалдан аман алып қалды - зардап шегуші жеңіл көліктің артқы бөлігіне құлап, асфальтқа сырғанап түскен. Іске қосылған сигнал қызметі есінен танған қызды байқап, тезірек жедел жәрдем шақыруға көмектесті.

Көршілердің айтуынша, 23 қазан күні қыз өз сүйіктісімен араздасып қалған. Қазіргі уақытта ол жан сақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оның ауыр халде жатқанын хабарлады.