Сенбі күні Астана, Ақтөбе, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Қостанай және Қарағанды (1 дәрежелі), Риддер (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Өскемен (2 дәрежелі), Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.