Қазақстанда алдағы күндері ауа райы айтарлықтай өзгермейді. Атмосфералық фронттардың республиканың басым бөлігіне әсері әлі де бар. Оның ықпалымен кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады.
Республиканың кей жерлерінде тұман сақталады, оңтүстік және оңтүстік-батыста – көктайғақ.
Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынынң кей жерлерінде тұман түседі.