Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жекелеген аумақтарда жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады, 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні 25 м/с-қа артуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасынды жел соғады.
Қызылорда облысында, түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Атырау облысында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Павлодар облысының жекелеген жерлерінде күндіз жаяу бұрқасын соғып, 15-20 м/с жылдамдықта жел болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, күндіз бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-28 м/с-қа күшейіп, түнде кей жерлерді тұман басады.
Жамбыл облысының жекелеген аумақтарында сондай-ақ тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Манғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ болып, 15-20 м/с екпіндегі желдің күші 25 м/с-қа жетеді. Оңтүстік-батыс бөлігінде 30 м/с-қа жетуі мүмкін.