60 жыл бұрын (1963) Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Біріккен штабы бастығының орынбасары Тұралы Хамитұлы ҚОЙШЫҚҰЛОВ дүниеге келді.
Бұрынғы Шымкент облысы Қызылқұм ауданы Жылға ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Качинск жоғары әскери ұшқыштар училищесін, 1996 жылы Ю.А. Гагарин атындағы әскери әуе академиясын, 2006 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы әскери академиясы жанындағы жоғары академиялық курстарды бітірген.
1984-1993 жылдары түрлі әскери бөлімдерде ұшқыш, аға ұшқыш, бөлім командирі лауазымдарында қызмет атқарған. 1996-1999 жылдары авиациялық эскадрилья командирі болған. ҚР Қарулы күштерінде түрлі басшылық қызметтерде еңбек еткен. 2016-2020 жылдары ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары) - Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы Жауынгерлік дайындық және дене шынықтыру бас басқармасының бастығы болған.
2020 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.
60 жыл бұрын (1963) Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Кеңесұлы ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ дүниеге келді.
1986 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтын «Архитектор» мамандығы бойынша, 2010 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Қазақстанның фосфор өндірісі ғылыми-зерттеу институтында инженер болып бастаған.
Әр жылдары «Алматы бас жоспар» мемлекеттік жобалау институтының сәулетшісі, «Сәулет» шағын сәулет-өндірістік кәсіпорынының сәулетшісі, «ГеоСәулет» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының инженер-сәулетшісі, Іле ауданы әкімі аппаратының бас маманы - бас сәулетшісі, Іле ауданы қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бастығы, Текелі қаласының, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған. 2019-2022 жылдары Райымбек ауданының әкімі қызметін атқарды.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінде.
49 жыл бұрын (1974) ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы Бақыт Дүйсенұлы ЖАҚАНОВ дүниеге келді.
Қызылорда қаласында туған. 1992 жылы Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтына түсіп, 1996 жылы экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы: 1997-2001 жылдар аралығында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы департаментінің экономикалық бағдарлау, нарықтық қатынастар және мониторинг бөлімінің жетекші маманы және бөлім бастығы, стратегия, мониторинг және реформалар бөлімінің жетекші маманы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маркетингтік зерттеу және өнімді тиімді сату жұмыстарын үйлестіру бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2002 жылдың сәуір айы мен қазан айы аралығында Қызылорда облыстық экономика басқармасының ақпараттық талдау жұмыстары және бақылау бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2002-2004 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарды. 2005-2008 жылдар аралығында Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті директорының орынбасары және 2008-2011 жылдар аралығында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметінде болды. 2011 жылы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы, 2011-2013 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2013 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі, 2015-2019 жылдары Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, 2019-2022 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
36 жыл бұрын (1987) «Агромашхолдинг kz» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі директоры Аслан Кәрімжанұлы СЫЗДЫҚОВ дүниеге келген.
Қостанай облысында туған. 2009 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «заңгер» мамандығымен, 2012 жылы М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономика университетін «менеджмент» мамандығымен, 2018 жылы Орал мемлекеттік заң университетін «заң магистрі» мамандығымен тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы «Тобыл-Торғай облысаралық балық инспекциясы» ММ бас маманы болып бастаған. 2009-2010 жылдары Рудный қалалық бөлім прокурорының көмекшісі, 2010-2015 жылдары Қостанай қалалық бөлім прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, 2015-2018 жылдары Қостанай қалалық прокуратурасы қоғамдық мүддені қорғау бөлімінің бастығы, 2018-2019 жылдары Қостанай аудандық прокурорының орынбасары болған. 2019-2023 жылдары Қостанай қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.
35 жыл бұрын (1988) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Амантай ЖАРҚЫНБЕК дүниеге келді.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын филология мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2010-2011 жылдары Павлодар қаласындағы Абай орта мектебінің мұғалімі, 2011-2013 жылдары Павлодар қаласындағы «Сарыарқа самалы» облыстық газетінің тілшісі, 2013-2015 жылдары Павлодар қаласындағы «Қазақстан Заман» халықаралық газетінің меншікті тілшісі, 2015-2019 жылдары «Region Kz» облыстық газетінің жауапты хатшысы қызметін атқарды. 2019-2020 жылдары Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық музыкалық драма театры басшысының орынбасары, 2020-2021 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының директоры, 2021-2022 жылдары «ШАҚЫРАҚ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауықтыру орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары Павлодар қаласындағы Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы басшысының орынбасары болды. 2023 жылдың наурыз айынан бастап VIII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Аманат» партиясының мүшесі, бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша (Павлодар қаласы) сайланған, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
«Құрмет» орденімен марапатталған.