11 қазан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы11 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

11 қазан. СЕНБІ

Башқұртстан Республикасының күні. 1990 жылы Башқұрт АКСР-інің тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды. Башқұртстан Республикасы Ресей Федерациясының құрамында.

Ирландия Республикасының Ұлттық мейрамы - Конституция күні (1922). Ирландия - Батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Астанасы - Дублин қаласы. Ресми тілі - ирланд және ағылшын тілдері. Ақша бірлігі - ирланд фунты.

Аргентинада мұғалімдер күні.

Ұлы ағартушы, елдің бұрынғы президенті Доминго Фаустино Сармьентоның (1811-1888) қайтыс болған күніне орай жыл сайын атап өтіледі.

Табиғи апаттар қаупін азайтудың халықаралық күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен қазанның екінші сәрсенбісінде атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

5 3 жыл бұрын (1961) Семей полигонында алғаш рет жерасты ядролық жарылысы жасалды (КСРО-ның жер үстіндегі ядролық жарылысы да осы Семей жерінде 1949 жылы тамыздың 29-да жасалған болатын).

4 1 жыл бұрын (1973) Алматы адвокаттар алқасы құрылды.

2 2 жыл бұрын (1992) «Еврей мәдени орталығы» қоғамдық ұйымы құрылды.

20 жыл бұрын (1994) «Қазақтелеком» ААҚ компаниясы құрылды.

1 8 жыл бұрын (1996) Ресейдің Астрахан облысы Володар ауданында ұлы күйші Құрманғазыны еске алу күндері өтті.

1 7 жыл бұрын (1997) Қазақстанда «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы қабылданды.

1 7 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы құрылды.

1 4 жыл бұрын (2000) «Түркістан» халықаралық энциклопедиясы жарық көрді. Бас редакторы - Әбдімәлік Нысанбаев.

10 жыл бұрын (2004) Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің О.Жарылғапов атындағы спорт кешенінің ашылу салтанаты болып өтті. Бұл шараға Қазақстан Республикасы волейбол федерациясының президенті Нұртай Әбіқаев қатысты. Октябрь Жарылғапов - еліміздің әйгілі волейболшысы, волейболдан Қазақстанның бірінші еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Кешеннің ашылу күніне орай Алматы қаласы ардагерлер командалары арасында турнир болып өтті.

7 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шоқан Уәлиханов» желкенді кемесіне қазақстандық тұңғыш экспедицияның дүниежүзілік теңіз саяхатына жолдама берді.

Мемлекет басшысы экипаж мүшелеріне Қазақстан туын табыс етті. Бұдан кейін Қазақстанның Әнұраны орындалып, кемеде мемлекетіміздің туы көтерілді. Президент дүниежүзілік саяхатқа шыққан экипаж мүшелеріне сәт-сапар тіледі.

7 жыл бұрын (2007) Елбасы Каспийдегі жаңа «Ақтау Сити» қаласының алғашқы іргетасын қалады.

«Ақтау Ситиде» 4 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынады. Тәуелсіздік аллеясы бой көтереді. Көптеген мәдениет және білім беру нысандары, бизнес орталықтар, қазіргі заманғы кәсіпорындар салынады.

Жобаның ашылу салтанатына Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер министрі шейх Абдулла бин Заид әл-Нахайан, Әбу-Даби Мәдениет басқармасының төрағасы шейх Сұлтан бин Тахнун әл-Нахайан қатысты.

7 жыл бұрын (2007) Астанада Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдерімен бірлесіп шығарылған «Туған тіл» журналының тұсауы кесілді.

Бұл басылым алғаш рет араб, латын және қазақ тілдерінде шығарылып отыр. Журналды шығару шет елдік қандастарымызға деген қамқорлықтың көрінісі.

7 жыл бұрын (2007) Павлодар облысының Шалдай ауылының орталығында өрт сөндіру кезінде қаза болған «Ертіс орманы» табиғи резерват қызметкерлерінің құрметіне ескерткіш орнатылды.

2006 жылы Шалдай орманында күшті өрт болды. Өрт сөндіру кезінде орман шаруашылығының төрт қызметкері қайтыс болды. Төрт ай өткен соң ормандағы өртті сөндіру кезінде тағы да екеуі өмірлерімен қоштасты.

Ескерткіштің мәрмәр тасында орман шаруашылығы инспекторларының суреттері мен есімдері қашалып жазылған.

7 жыл бұрын (2007) Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 75 жылдығына орай мерекелік медаль шығарылды.

Медальдың айналасы шеңбермен қоршалып, жоғарғы жағы «БҚМУ» деген әдемі жазумен өрнектелген классикалық үлгіні аңғартады. Араб үлгісіндегі әріптер шашыраңқы, отшашу түрінде берілген. Жетпіс бес деген жазу бір-бірімен жалғасып, ерекше сән беріп тұр. Композицияның нақ ортасына аспандағы жұлдыздар тәріздес асыл тас салынған. Университеттің туған жылы асыл тастармен безендірілсе, медальдың шет жағы қырдың қызғалдағымен әсемделген. Бұл да кең даланың, студенттік жастық шақтың белгісі іспеттес.

М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 1932 жылғы 1 қазанда Орал қаласында педагогикалық институт ретінде құрылған, ол республикамыздың екінші педагогикалық институт болды. Институтқа КСРО халық ағарту комитетінің орынбасары М.Н.Покровскийдің, 1937 жылдан бастап институт А.С.Пушкиннің есімі берілді. Соғыстан кейінгі жылдары А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты жылына 18 мамандығы бойынша 700 түлекті шығаратын ірі жоғары оқу орнына айналыды. 1996 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлығымен А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық институты болып өзгертілді. 2000 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлығымен Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті құрылды, ал 2003 жылы оған Махамбет Өтемісұлының есімі берілді.

5 жыл бұрын (2009) қыркүйектің 11-12 аралығында Павлодарда «Эльпида» достарын жинайды» деген атпен Грек мәдениетінің фестивалі өтті.

Бұл шара Павлодардың Ертіс жағалауында өмір сүріп жатқан 500-ден астам гректің басын қосып отырған облыстық «Эльпида» этномәдени құрылымының 10 жылдығына арналып отыр.

Шараға республикамыздың басқа облыстарының, Ресей Федерациясының және Грекияның Қазақстандағы елшілігінің өкілдері қатысты.

5 жыл бұрын (2009) Ақтөбе облысы Алға ауданының орталығында мүгедек балаларды сауықтыру орталығы ашылды.

Оның негізгі мақсаты - тірек-қозғалу аппараттары зақымданған, психикалық дамуы тежелген, церебральды сал ауруына шалдыққан және т.б. зардап шеккен 3-тен 15 жас аралығындағы мүгедек балаларды медициналық сауықтыруға және әлеуметтік бейімдеуге көмек көрсету. Орталық облыстың барлық аудандарынан және Ақтөбе қаласынан келген 40 баланы бір мезгілде емдеуге есептелген.

13 3 жыл бұрын (1881) американдық Дэвид Хьюстон фотоапараттың фотопленкасына патент алды.

8 3 жыл бұрын (1931) КСРО-да жеке саудаға толығымен шектеу қойылды.

65 жыл бұрын (1949) Дүниежүзілік Медицина қауымдастығының Бас Ассамблеясында алғашқы халықаралық медицина этикасы кодексі қабылданды.

45 жыл бұрын (1968) бортында адам бар американдық ғарыш кемесі «Аполлон - 7» ұшырылды. Экипаж командирі - Уолтер Ширра. Әуеге жіберуге дайындық кезінде үш ғарышкердің өліміне соқтырған қайғылы оқиғадан кейін Америка осыған дейін ұшырған ғарыш кемелерін сырттан басқарып отырған болатын. Сәтті аяқталған осы іс американдықтардың адамды айға қондыру бағдарламасының құтты қадамы болды.

ЕСІМДЕР

80 жыл бұрын (1934) ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты ҚОШАНОВ Аманжол Қошанұлы дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында туған.

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

1957-1959 жылдары - Ақтөбе кооперативтік техникумының оқытушысы. 1959-1989 жылдары - Қазақ КСР Ғылым Академиясы Экономика институтының кіші, бас ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, директоры. 1989-1990 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Президиумының аға ғалым хатшысы, 1994 жылдың ақпан айынан - Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының вице-президенті. 2004 жылдан - Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Экономика институтының бөлім меңгерушісі.

Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты - кеңейтілген ұдайы өндіріс пен индустриялдық дамудың өзекті мәселелері, аймақтық экономиканың әлеуметтік-экономикалық мәселелері, Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуының теориясы мен әдістемесі. Ғалым экономика ғылымының бір бағыты - ғылыми индустриялдық дамудың кешендендіру теориясы мен аймақтық экономиканың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін негізін салушы. 400-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 25 монографияның авторы. Халықаралық конференцияларда, Жапонияда, Германияда, Англияда, Финляндияда, Грекияда, Қытайда, Кореяда, Венгрияда өткен симпозиумдарда ғылыми баяндама жасаған. Ғылыми еңбектері АҚШ-та, Қытайда, Жапонияда, Швецияда жарық көрген.

«Қазақстан Республикасы Жаршысы. Қоғамдық ғылымдар сериясы» журналының бас редакторы.

«Парасат» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

7 6 жыл бұрын (1938-2003) философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері АҚАТАЙ Сәбетқазы Нұржақияұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Алматы халық шаруашылығы институтының оқытушысы, Алматы шет тілдері педагогикалық институтының доцент қызметтерін атқарған. 1988-1990 жылдары - Республикалық музыкалық аспаптар мұражайының директоры. 1995-1997 жылдары - Республикалық мәдениет проблемалары орталығының бөлім меңгерушісі. 1997-2003 жылдары - Қазақ мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институтының кафедра меңгерушісі болған. Ғалымның 400-ден астам ғылыми жарияланымы жарық көрген.

6 8 жыл бұрын (1946) «Абай және ХХІ ғасыр» халықаралық клубының президенті, жазушы, Қазақстан комсомолы сыйлығының, КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Колумбия университеті сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік өнер және мәдениет академиясының академигі СЕЙСЕНБАЕВ Роллан дүниеге келді.

Семей қаласында туған. Семей инженер-технологиялық институтын бітірген. Алғашқы повесі 1975 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта «Аңсау», «Өзімді іздеп жүрмін», «Сағынып жеткен жаз еді» повестері, «Өмір сүргің келсе егер», «Тау басында түйіскен жол», «Ібіліс тағы», т.б. романдары жарық көрген. «Өзімді іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы жас драматургтердің бүкілодақтық байқауында жүлдеге ие болған. оның пьесалары республикалық театр сахналарында қойылып келеді. Жазушы Абайдың қара сөздерін орыс тіліне аударуға ат салысып, Англияда Абай үйін ашуға өз үлесін қосқан.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

6 7 жыл бұрын (1947) ҚР Президенті мұрағатының директоры ШЕПЕЛЬ Владимир Николаевич дүниеге келді.

Хабаровск қаласында туған. 1971 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тарих және қоғамтану оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.

1991-1995 жылдары Президент хатшылығында бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметінде болды. 1995-1996 жылдары - ҚР Президенті кеңсесінің меңгерушісі. 1995-2004 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары. Қазіргі қызметінде -2006 жылдан бері.

5 9 жыл бұрын (1955) Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары СӘЛМЕНОВ Қанат Рахматуллаұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы энергетикалық институтын (қазіргі Алматы энергетика және байланыс институты) бітірген. 1978-1981 жылдары - Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтында инженер, Алматы жылу желілері кәсіпорнында күрделі құрылыс бөлімінің инженері. 1981-1991 жылдары - Алматы қаласында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында жетекші инженер, бөлім бастығы, бас технолог. 1991-1993 жылдары - «Қазтұрғынүйкомшар» мемлекеттік концерні кешенінің жетекшісі. 1993-1999 жылдары - кәсіпкерлік қызметпен айналысты. 1999-2000 жылдары - ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігінде құрылыс ісі комитетінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы. 2002-2005 жылдары - Алматы қаласы коммуналдық меншікті басқару департаментінде бөлім бастығы. 2005-2007 жылдары - Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті директорының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2007 жылғы сәуірден бері.

5 9 жыл бұрын (1955) «ENRC Қазақстан» компаниясының президенті, бас атқарушы директоры ВУЛИС Феликс Ефимович дүниеге келді.

Украинада туған. Новочеркасск политехникалық институтын,

Родился в УССР. Окончил Новочеркасский политехнический институт (1977), инженер-электрик; Antony School of Law and Management (Сан Франциско, 1982) институтын, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.

1983 жылдан - «Markfel Realty & Property Management» компаниясының президенті. 1989 жылдан - «AGC Group Inc» компаниясының президенті, бас атқарушы директоры. 2001 жылдан - Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығының вице-президенті, 2005 жылдан - бірінші вице-президенті. Қазіргі қызметінде - 2007 жылдан бері. «Құрмет» орденімен марапатталған.

5 6 жыл бұрын (1958) Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары ШЕРУБАЕВ Нұрлыбек Әділғазыұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес университетін бітірген. Еңбек жолын Таврия ауданындағы «Өскемен» шошқа кеңшарында оператор, слесарь болып бастады, осы ауданда, партия, комсомол, кеңес жұмыстарында болды. 1991-1996 жылдары - «РУАЛ-АГРО» ауыл шаруашылығы шағын кәсіпорнының директоры. 1996-2004 жылдары - Өскемен қаласы әкімдігінің №9 жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы. 2004-2006 жылдары «Асар» республикалық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалынының хатшысы. 2006-2007 жылдары ШҚО Аягөз ауданының әкімі. 2007-2008 жылдары - ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің басқарма бастығы. 2008 -2009 жылдары - ШҚО әкімі хатшылығының бас инспекторы, ШҚО әкімі аппаратының инспекторлық бөлімінің бас инспекторы. 2009-2010 жылдары - Өскемен қаласы әкімі аппаратының жетекшісі. 2010-2012 жылдары - ШҚО әкімі аппаратының басшысы. 2012-2014 жылдары ШҚО Глубокое ауданыынң әкімі. Қазіргі қызметіңнде - 2014 жылғы ақпан айынан бері.

5 4 жыл бұрын (1960) ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы ЖОЛДАСБАЕВ Сансызбай Елеусізұлы дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Қазақ химия-технологиялық институтын, Қарағанды кооперативтік институтын бітірген. 1982-1993 жылдары - Жезқазған облыстық сауда басқармасының аға инженері, жеміс-көкөніс базасы директорының орынбасары, облыстық агроөнеркәсіптік комитеттің жетекші маманы, «Қазет-сүт саудасы» облыстық тоңазытқыш мекемесі лиректорының орынбасары, директоры. Жезқазған қалалық сауда басқармасының директоры. 1993-1994 жылдары - «Меруерт» АҚ бас директоры. 1994-1995 жылдары «Қазақазық-түлікшикізат» бас директорының орынбасары. 1995-1998 жылдары - «Қазақстан телевидениесі мен радиосы» республикалық корпорациясының қаржы-экономика және шаруашылық мәселелері жөніндегі вице-президенті, бірінші вице-президенті. 1998 жылы - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы. 1998-2004 жылдары - ҚР статистика агенттігі төрағасының орынбасары. 2004-2008 жылдары - «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ президенті. Қазіргі қызметінде - 2008 жылғы наурыздан бері. ); 2008-2012 жылдары - «Парасат» ұлттық ғылыми-техникалық холдингінің «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы. 2012-2014 жылдары - ҚР Президенті жанындағфы Мемлекеттік басқару академисының экономикалық және әкімшілік мәселелері жөніндегі вице-ректоры. Қазіргі қызметінде - 2014 жылғы сәуірден бері.

51 жыл бұрын (1963) ресей театр мен кино актері, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі ВЕРНИК Игорь Эмильевичдүниеге келді.

41 жыл бұрын (1973) «Астана» телеарнасының бас директоры ТАНЫСБАЙ Ләззат Мұратқызы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Алматы халықаралық журналистика институтын бітірген.

1993 жылдан - «Қазақстан» РТРК жүргізушісі, редакторы. 1995 жылдан - «Хабар» агенттігі» АҚ жүргізушісі, түсіндірмешісі, жаңалықтар қызметінің продюсері. 2002 жылдан - ҚР Президентінің баспасөз қызметінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, бас инспектор. 2005 жылдан - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағаттар комитеті төрағасының орынбасары. 2008 жылдан - «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 2011 жылғы қарашадан - ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы ақпаннан бері.

«Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақстандық БАҚ арасында «Жылдың таңдаулы жүргізушісі» аталымында «Алтын жұлдыз» иегері. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

67 жыл бұрын (1947) кеңестік және ресейлік ғалым, хируцрг-онколог, профессор, академик ДАВЫДОВ Михаил Иванович дүниеге келді.

130 жыл бұрын (1884-1962) АҚШ президенті Франклин Рузвельттің зайыбы, дипломат РУЗВЕЛЬТ Элеонора дүниеге келді.

129 жыл бұрын (1885-1970) француз жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Франсуа МОРИАК дүниеге келді.

58 жыл бұрын (1956) 2003-2008 жылдардағы Парагвай президенті Оскар Никанор Дуарте ФРУТОС дүниеге келді.