Роллан СЕЙСЕНБАЕВ, жазушы, драматург, аудармашы, баспагер
1946 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 1969 жылы Семей технологиялық институтын, 1975-1977 жылдары М. Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстарды бітірген.
Еңбек жолы мен жетістіктері: 1975 жылы «Жажда» атты кітабы жарық көрді. Облыстық газетте, теледидарда және облыстық комсомол комитетінде қызмет атқарған, қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары болған. 1975-1991 жылдары КСРО Жазушылар одағында қазақ әдебиеті бойынша жауапты хатшы қызметін атқарды. 1992 жылы «Ядролық сынақтардың құрбаны — балалар» қорын құрған. 1993 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясында «Абай әлемі» бағдарламасын ашқан. 1994-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды. 1995 жылы Лондонда тәуелсіз «Абай үйі» мәдени орталығын ашты. 2000 жылы Семейде «Халықаралық Абай клубын» және «Аманат» журналын құрды. 2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Әлем халықтары әдебиеті институтын және «Халықаралық Абай клубын» басқарды. 2022 жылы Radius және Pegasus Brucke өнер орталықтары тағайындаған «Әлемнің алтын жазушысы» сыйлығына, 2023 жылы Тарас Шевченко атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды.
«Шайтанның тағы», «Өзімді іздеп жүрмін», «Өмір сүргің келсе», «Бегство», «Ешқайда бастамайтын баспалдақ», «Жажда», «Мертвые бродят в песках» және басқа да романдардың авторы.
Ханкелді ӘБЖАНОВ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
1953 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 1976 жылы ҚазМУ-дың тарих факультетін бітірген.
Еңбек жолы: 1977-1979 жылдары Целиноград инженерлік-құрылыс институтының тарих кафедрасында оқытушы болды. 1993-1999 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарихнама және деректану кафедрасын басқарды. 1999-2009 жылдары Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде профессор, кафедра меңгерушісі және «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығы директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2009-2011 жылдары Мемлекет тарихы институты директорының бірінші орынбасары, 2011-2017 жылдары Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры болды. 2019 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығын басқарды. 2023 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында профессор болды.
2008 жылы «Астанаға 10 жыл», 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Ермек САҒЫМБАЕВ, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
1967 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын инженер-электромеханик мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1994-2006 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік қызметтер атқарды. 2006-2019 жылдары қызмет аппараты мен жедел қамтамасыз ету бөлімшелерінде офицерлік және басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары әрі Президент күзеті қызметінің бастығы болды. 2021 жылы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары, ал 2021-2022 жылдары осы қызметтің бастығы қызметін атқарды.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қаңтарынан бастап атқарады.
Ләззат ТАНЫСБАЙ, «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы
1973 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік техникалық университетін және Алматы халықаралық журналистика институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1993-1996 жылдары «Қазақстан» РТРК жүргізушісі, редактор, репортер болды. 1996-2001 жылдары «Хабар» агенттігінің жаңалықтар қызметінде редактор-жүргізуші қызметін атқарды. 2001-2002 жылдары агенттіктің Астанадағы орталық бюросының атқарушы продюсері болды. 2002-2005 жылдары ҚР Президентінің баспасөз қызметінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, бас инспектор болып қызмет етті. 2005-2007 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағаттар комитеті төрағасының орынбасары, 2008-2011 жылдары «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары, 2011-2012 жылдары ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі, 2012 жылы «Астана» телеарнасының бас директоры лауазымын атқарған. 2018-2019 жылдары «НҰР-Медиа» холдингін басқарды. 2019-2025 жылдары «QAZAQSTAN» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған. 2025-2026 жылдары «Еуразия» бірінші арнасы» телеарнасының бас директоры болды.
Қазіргі қызметін 2026 жылдың тамызынан бастап атқарады.
2010 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақстандық БАҚ арасында «Алтын жұлдыз» байқауында «Жылдың үздік тележүргізушісі» аталымын жеңіп алған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
Жалғас СҮЛЕЙМЕНОВ, Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы
1982 жылы Ресейдің Омбы облысы Исилькүл ауданында дүниеге келген. 2004 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясын «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы № 2 Петропавл қалалық учаскесiнiң сот орындаушысы ретiнде бастаған. 2006-2007 жылдары жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық басқармада жетекші маман қызметін атқарды. 2007-2015 жылдары жер инспекциясында бас маман және басшының орынбасары болды. 2015-2016 жылдары Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімінде инспектор және бас маман болып жұмыс істеді. 2016-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2020-2021 жылдары облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасында жерге орналастыру және жерді пайдалану мәселелеріне жетекшілік етті. 2021-2022 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Жер инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары әрі мемлекеттік инспектор қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары әрі мемлекеттік инспектор болды. 2023-2025 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Қазіргі қызметін 2025 жылдың наурыз айынан бастап атқарып келеді.
Максим РОЖИН, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты
1983 жылы Қаскелең қаласында дүниеге келген. 2005 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша, 2007 жылы «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.
Еңбек жолы: 2005 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетін басқарды. 2006 жылы «Астана» телеарнасында жаңалықтар дикторы, 2009 жылы «7 арнада» апталық қорытынды-талдамалық бағдарламаның тілшісі болды. 2013 жылы «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінде сарапшы, 2014 жылы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-да PR бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Кейін «Қазаэронавигация» РМК-да баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде коммуникациялар басқармасының басшысы болды. Дүниежүзілік банк пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар корпусын дамыту жобасында қоғаммен байланыс жөніндегі маман, 2018 жылы Түркістан облысы әкімінің коммуникациялар және БАҚ мәселелері жөніндегі кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2019 жылы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-да PR мәселелері жөніндегі кеңесші болды. 2020 жылы «Ел үміті» бағдарламасында медиа дамыту жөніндегі сарапшы, «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігі басқарма төрағасының кеңесшісі, министрліктің ресми өкілі және Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2020-2023 жылдары «QAZCONTENT» АҚ-ның кеңесшісі болды. 2021 жылы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының вице-президенті атанды және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды. 2022 жылы Президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі болып тағайындалды. 2023-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.
2026 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаты.
2019 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2022 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
Азамат ҚАЛДЫБЕКОВ, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі
1984 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық құқық бакалавры, 2008 жылы осы мамандық бойынша магистр дәрежесін алған. 2013 жылы АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Дьюк университетінде құқық магистрі дәрежесін алған. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін иеленген.
Еңбек жолы: Алматы қаласы Бостандық ауданының № 2 аудандық сотында жетекші маман болып еңбек жолын бастаған. 2008-2011 жылдары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігінде сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарды. 2011-2013 жылдары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту комитетінде сарапшы және бас маман болды. 2013-2016 жылдары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері, заң департаментінің бас заңгері және басқарма төрағасы хатшылығының хатшысы қызметтерін атқарды. 2016-2017 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалында жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің бас техникалық жетекшісі болды. 2017-2018 жылдары Еуразия технологиялық университетінің даму жөніндегі проректоры қызметін атқарды. 2018 жылы Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы, кейін Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысы болды. 2019 жылы Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы басшысының, кейін Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2020-2024 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі, 2024-2025 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды.
Қазіргі қызметін 2025 жылдың қараша айынан бастап атқарады.