11 қазан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Kazinform 11 қазан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады. 

Фото: Kazinform

9.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің XXI хатшылығының ашылуы өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де «Rixos President Astana» қонақ үйінде «Қазақстан және отандастар: ортақ мұрат жолында» атты отандастар форумы басталады.

11.00-де Zoom арқылы Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың үшінші тоқсаны мен 9 айындағы қазақстандық биржалық нарық жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы бойынша жаңа нормалар» туралы онлайн брифинг өтеді. Спикерлер: Астана қаласының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы орынбасарының м.а. Жалғас Балғожин, «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Томпиев.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.

11.00-де Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігі Астана қаласының №59 мектеп-лицейінің қасбетінде тұрақты (жасыл) энергетика тақырыбында жаңа муралды ашады.

12.00-де Қаржы министрлігі БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі жаңашылдықтар» атты брифинг-сарапшылық дөңгелек үстел өтеді.

15.00-де Астана ипподромында отандастар форумы аясында қандастарға арналған мәдени-танымдық бағдарлама өтеді.

17.00-де «Экономика үйінде» Стандарттау жөніндегі ұлттық органның ғылыми-техникалық кеңесі өтеді. Онда Парламент Мәжілісінің, салалық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҚР ҰКП және бизнес қоғамдастықтардың қатысуымен стандарттар жобаларын қарау жоспарланған.

17.00-де Жастар сарайында «Жаңбыр астындағы шоу» көрсетіледі.

19.00-де «Astana Opera» театрында «Корсар» балеті қойылады.