Еліміздің тек батыс өңірлерінде жаңбыр мен найзағай болжанады. Барлық өңірде – екпінді жел, оңтүстік пен оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Түнде Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.