11 қазан. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 11 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

76жыл бұрын (1946) жазушы, драматург, аудармашы, баспагер, Лондондағы Абай үйінің, Халықаралық Абай клубының және «Аманат» халықаралық әдеби журналының құрушысы Роллан СЕЙСЕНБАЕВ дүниеге келді.

Семей қаласында туған. Семей инженер-технологиялық институтын бітірген. Алғашқы повесі 1975 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта «Аңсау», «Өзімді іздеп жүрмін», «Сағынып жеткен жаз еді» повестері, «Өмір сүргің келсе егер», «Тау басында түйіскен жол», «Ібіліс тағы», т.б. романдары жарық көрген. «Өзімді іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы жас драматургтердің бүкілодақтық байқауында жүлдеге ие болған. Оның пьесалары республикалық театр сахналарында қойылып келеді. Жазушы Абайдың қара сөздерін орыс тіліне аударуға ат салысып, Англияда Абай үйін ашуға өз үлесін қосқан. Қазақстан комсомолы сыйлығының, КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Колумбия университеті сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік өнер және мәдениет академиясының академигі.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

55 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Алдабергенұлы САҒЫМБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында дүниеге келді. Қазақ политехникалық институтын (инженер-электромеханик), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (заңгер) бітірген.

Еңбек жолы: 1994-2006 жж. ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік қызметте, қызмет аппаратында, сондай-ақ жедел қамту бөлімшелерінде офицерлік және басшылық қызметте (2006-2019). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметінің бастығы (2019-2021). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары (07.2021-08.2021). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы (2021-2022).

Қазіргі қызметін 2022 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келеді.

«Мінсіз қызметі үшін» ІІ, ІІІ дәрежелі медальдарімен, «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» ІІІ дәрежелі медалімен марапатталған.

49 жыл бұрын (1973) «QAZAQSTAN» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрайымы, танымал журналист Ләззат Мұратқызы ТАНЫСБАЙ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Алматы халықаралық журналистика институтын бітірген.

1993 жылдан - «Қазақстан» РТРК жүргізушісі, редакторы. 1995 жылдан - «Хабар» агенттігі» АҚ жүргізушісі, жаңалықтар қызметінің продюсері. 2002 жылдан - ҚР Президентінің баспасөз қызметінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, бас инспектор. 2005 жылдан - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағаттар комитеті төрағасының орынбасары. 2008 жылдан - «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 2011 жылғы қарашадан - ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі. 2012 жылдан бері «Астана» телеарнасының бас директоры. 2018-2019 жылдары «НҰР-Медиа» холдингін басқарды.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың сәуір айынан бері.

«Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақстандық БАҚ арасында «Жылдың таңдаулы жүргізушісі» аталымында «Алтын жұлдыз» иегері. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

40 жыл бұрын (1982) Қазақстан Республикасы оқу-ағарту вице-министрі Айбат Болатұлы Ілиясов дүниеге келді.

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

2006 жылдан 2007 жылға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ аға инженер-электронигі, бас маманы болып қызмет еткен.

2008 жылдан 2009 жылға дейін «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК бас маманы болды.

2009 жылдан 2012 жылға дейін ҚР Жоғарғы соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бас кеңесшісі, сектор меңгерушісі, ҚР Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының бас сарапшысы, басқарма басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

2013 жылғы наурыз айынан 2022 жылғы ақпанға дейін ҚР Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының басшысы, Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры болған.

Қазіргі қызметін 2022 жылғы ақпаннан бастап атқарып келеді.

38 жыл бұрын (1984) Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі орынбасары Азамат Бескемпірұлы ҚАЛДЫБЕКОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы, Тараз қаласында туған. «Халықаралық құқық бакалавры» мамандығы және «Халықаралық құқық магистрі» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, «Құқық магистрі» мамандығы бойынша (АҚШ Солтүстік Каролина) Дьюк университетін бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласының Бостандық ауданының № 2 аудандық сотында жетекші маман болып бастаған. 2008-2011 ж.ж. аралығында Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің тіркеу және еңбектік бақылау басқармасының тіркеу департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы; 2011-2013 ж.ж. аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту Комитетінің мемлекекеттік қызмет көрсету басқармасының сарапшысы, бас маманы ; 2013-2016 ж.ж. аралығында «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас мененджері, заң департаментінің бас заңгері, басқарма төрағасы хатшылығының басқарма хатшысы лауазымын атқарған. 2016-2017 ж.ж. аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің бас техникалық басшысы; 2017-2018 ж.ж. аралғында Еуразия технологиялық университетінің даму жөніндегі проректоры; 2018 жылдың наурыз айынан маусым айына дейін Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы; 2018- 2019 жылдың наурыз айына дейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысы лауазымында жұмыс атқарды. 2019 жылдың наурыз айынан қазан айына дейін Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары болды. 2019-2020 жылдары Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың қаңтар айынан бастап атқарып келеді.