Антициклон әлі де республиканың батыс жартысына ықпал ете береді, сондықтан мұнда жауын-шашын жаумайды.
Қазақстанның шығыс аумағында циклон және оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.
Еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында - жел күшейеді, оңтүстік-батысында - шаңды дауыл соғып, тұман түседі, солтүстігінде - көктайғақ болады.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, о ңтүстік-батысында жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысының шығыс жартысында тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының таулы аймақтарында және тау бөктерінде тұман түседі. Түнде - облыстың батысында, күндіз - шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел қарқыны - 15-20 м/с. Шаңды дауыл тұрады.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысында тұман болады.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында және Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.