11 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 11 қыркүйек күні Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН


Сағат 9.00-де «Қазмедиа» орталығында дәстүрлі Astana Media Week апталығы басталады.
Сағат 10.00-де ҚР Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.
Сағат 11.00-де «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің ғимаратында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз жиыны ұйымдастырылады.
Сағат 11.00-де Ұлттық баспасөз клубында «Бақытты отбасы» қанатқақты жобасының аралық нәтижелері таныстырылады.
Сағат 15.00-де «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес өтеді.
Сағат 17.30-да «Қазмедиа» орталығында «Қазақстан» РТРК» АҚ жаңа телевизиялық маусымын таныстырады.
АЛМАТЫ
Сағат 11.00-де Қазақстан қор биржасы (KASE) дәстүрлі медиа-брифинг өткізеді. Брифингте ҚР валюта нарығына шолу ұсынылады.
Сағат 12.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Qazaq Music Awards ұлттық сыйлығына арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Сағат 12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Тұтынушылар құқығын қорғау» тақырыбында баспасөз конференциясы басталады.
Сағат 15.00-де «Тұран» университетінде Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.