ЕСІМДЕР
82 жыл бұрын (1936) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының құрметті директоры ОРМАНТАЕВ Камал Сәруарұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туған.
Ірі ғалым, бірқатар басымдықты ғылыми бағыттардың негізін қалаушы, педагог және жоғары білікті хирург, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 2000 және 2003 жылдарда «Алтын адам» атағына ие болды. ҚР профилактикалық медицина академиясының вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі, Медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі.
«Парасат» орденімен марапатталған.
60 жыл бұрын (1958) Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының әкімі ХАЛЕЛОВ Алдияр Сансызбайұлы дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысында туған. 1981 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1981 жылдан 1988 жылға дейін Приурал ауданының Желаев аудандық ауыл шаруашылығы бірлестігінде инженер-гидротехник, кәсіподақ комитетінің төрағасы болды;
1988-1990 жылдары осы ауданның М.Мәметова атындағы колхозы партия комитетінің хатшысы;
1990 жылдан 1996 жылға дейін Трекин ауылының әкімі болып қызмет атқарған;
1996-1997 жылдары - Приурал ауданы әкімінің бірінші орынбасары;
1997-2011 жылдары аралығында Зеленов ауданы әкімінің орынбасары болды;
2011-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әкімі,
2016 жылдан 2018 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімі;
2018 жылғы маусым айынан бері қазіргі қызметінде.
53 жыл бұрын (1965) режиссер, сценарист ҚАРАҚҰЛОВ Әмір Болатұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Алматы мемлекеттік театр көркемсурет институтын (қазіргі Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы), С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематографиялық институтын бітірген.
«D'Arcy» жарнама агенттігінде креатив директоры, «Қазақфильм» киностудиясындағы «Дебют-реклама» жетекшісі, Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы қызметтерін атқарған.
«Разлучница», «Голубинный звонарь», «Последние каникулы», «Жылама», «Нереальная любовь» фильмдерін түсірген.
45 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасының бастығы ҚАЛИЕВ Арман Зарлықұлы дүниеге келген.
Ақтөбе қаласында туған. 1993 жылы Галицин жоғары әскери-саяси училищесін, 1995 жылы Қазақстан Республикасы ҰҚК Әскери институтын, 2005 жылы РФ Федералды қауіпсіздік қызметінің академиясын аяқтаған.
Шекара заставасы бастығының орынбасары, бастығы, шекара отряды комендатурасы комендантының орынбасары, штаб бастығы, шекара отрядының бастығы, өңірлік басқарма бастығының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды.
2013 жылдың шілдесінен қазіргі қызметінде.
Медальдармен наградталған.
44 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі ПЛАТОНОВ Артур Станиславович дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының тарихи-теориялық факультетін тәмамдаған, мамандығы - өнертанушы. «Оперы Верди 40-ых годов» монографияның авторы және 50-ден астам батыс еуропалық музыка театрының тарихы жөніндегі ғылыми жұмыстарының авторы.
1999-2010 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында батыс еуропалық музыка театрының тарихы жөнінде авторлық курста лекция оқыды. 2001-2011 жылдары - КТК арнасындағы «Портрет недели» бағдарламасының жүргізушісі әрі жетекшісі. 2006 жылдан бастап Теледидар және радио Халықаралық Еуразиялық академиясының академигі (Мәскеу). 2010 жылдан бастап Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Менеджмент және қоғамдық тәртіп кафедрасының профессоры (Алматы қаласы), 2006-2007 жылдары - «КТК» АҚ-ның президенті, 2007 жылдан бастап - КТК-ның жеке хабар тарату арнасының директоры. 2011 жылғы 11 қыркүйектен бастап - «Слуги народа» бағдарламасының жүргізушісі және авторы әрі прдюсері. 2014 жылдан - 2016 жылғы наурыз айына дейін КТК-ның стратегиялық дамуы бойынша директоры. 2015 жылдан бастап қайтадан «Портрет неделиге» шақырылған. Басшы, автор және жүргізуші. 2015 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі.
2016 жылғы 24 наурыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.