11 мамырда Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі, 11 мамыр күні Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

11 мамырда Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Орал және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.