ЕСІМДЕР
68 жыл бұрын (1958) «Агрофирма „Родина“ ЖШС бас директоры, құрылтайшысы, Қазақстанның ет-сүт одағының төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Иван Адамович САУЭР дүниеге келді.
Ақмола облысында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығы өндірісін тетіктеу мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1980 жылы Целиноград ауданы «Красный флаг» кеңшарында бригадир болып бастаған. 1985-1987 жылдары «Красный флаг» кеңшарында бас инженер, 1987-1994 жылдары Целиноград ауданы «Родина» кеңшарының директоры, 1994-1996 жылдары «Родина» жеке отбасылық кәсіпорнының директоры, 1996-2005 жылдары «Родина» өндіріс кооперативінің директоры лауазымын атқарған.
2005 жылдың мамыр айынан бері қазіргі қызметінде.
«Отан» (2011), «Парасат» (2005), «Достық» (1996) ордендерімен, «Шапағат» (2000), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) «Тыңға 50 жыл» (2004), «Астанаға 10 жыл» (2009), «Қазақстан полициясына 20 жыл» (2012), «Жеңістің 60 жылдығы» (2005) медальдарымен және т. б. марапатталған.
62 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Дәуренбекұлы НҰРДӘУЛЕТОВ дүниеге келді.
Алматы облысында туған. 1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заңгер мамандығын бітірген.
Еңбек жолы: 1987-1990 жылдары ұжымшар заңгері, 1990-1996 жылдары прокуратура органдарындағы қызмет, 1996-1997 жылдары ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің органдарында, 1997-2007 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдарында қызмет атқарды, 2007-2017 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық департаментінің бастығы, 2017-2019 жылдары ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары, 2019-2022 жылдары ҚР Бас прокуроры, 2022-2023 жылдары ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.
ІІ дәрежелі «Айбын», «Даңқ» ордендерімен марапатталған.
55 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Аппарат басшысы Мұрат Амангелдіұлы ДӘРІБАЕВ дүниеге келді.
Қызылорда облысында туған. 1996 жылы Алматы жол институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2004 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «АВС-Парфюм» компаниясында экономист болып бастаған. 1997-2000 жылдары ҚР Экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институтының маркетинг бөлімінде экономист, ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2000-2002 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі лауазымдарында еңбек еткен. 2002-2003 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Шағын бизнесті қолдау комитеті төрағасының орынбасары болған. 2003-2004 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Көлік және телекоммуникация секторларын реттеу департаментінің директоры қызметін атқарған. 2004-2005 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінде аппарат басшысы, Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры лауазымында еңбек еткен. 200-2006 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының бас инспекторы қызметін атқарған. 2006-2007 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасының «Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясы» РМК-ның бірінші директор орынбасары, 2007-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2008-2009 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің төрағасы, 2009-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2012-2015 жылдары Қостанай облысы әкімінің орынбасары, 2015-2017 жылдары «Алматы» «ӘКК» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы, 2017-2018 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары, 2019-2021 жылдары «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарушы директоры, сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы лауазымдарын атқарған. 2021-2022 жылдары «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарушы директоры, 2022-2023 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы, 2024-2025 жылдары «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ-ның аппарат басшысы болған.
Қазіргі лауазымын 2025 жылғы желтоқсаннан бастап атқарып келеді.
46 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Абайұлы ЕСЕМБАЕВ дүниеге келді.
Павлодар облысы Успен ауданы, Богатырь ауылында туған. 2003 жылы Павлодар университетін «Автомобильдер және автомобиль өнеркәсібі» мамандығы бойынша, 2006 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, 2016 жылы Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2004-2006 жылдары Константиновка орта мектебінде өндіріске үйрету шебері, 2006-2008 жылдары Константиновка орта мектебінде дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы, 2008-2009 жылдары Павлодар облысы Дене тәрбиесі және спорт басқармасы бұқаралық-дене тәрбиесі жұмысы бөлімінің жетекші маманы, 2009-2009 жылдары Павлодар облысының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы бұқаралық-дене тәрбиесі жұмысы бөлімінің жетекші маманы, 2009-2011 жылдары Павлодар облысы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы спорт бөлімінің бас маманы, 2012-2015 жылдары Дүниежүзілік тоғызқұмалак федерациясының вице-президенті, 2011-2013 жылдары Павлодар облысы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы бұқаралық-дене тәрбиесі жұмысы бөлімінің бас маманы, 2013-2014 жылдары Павлодар облысы Дене тәрбиесі және спорт басқармасы бұқаралық-дене тәрбиесі жұмысы бөлімінің бастығы, 2014 -2015 жылдары Павлодар облысы Дене тәрбиесі және спорт басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, 2015 -2019 жылдары Павлодар облысы Дене тәрбиесі және спорт басқарма басшысының орынбасары, 2019 -2022 жылдары Павлодар облысының Туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары, 2022-2024 жылдары Павлодар облысы Дене шынықтуру және спорт басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2025 жылдың ақпан айынан бастап атқарып келеді.
42 жыл бұрын (1984) Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Қайыргелдіұлы КҮМПЕКЕЕВ дүниеге келді.
2005 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Экономика бакалавры» дәрежесімен, 2007 жылы Ұлыбританиядағы Бредфорд университетін «Экономикалық саясат магистрі» дәрежесімен бітірген. 2016 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша аяқтаған. 2024 жылы Швейцариядағы Еуропалық бизнес-мектебін "Бизнес әкімшілендіру магистрі» дәрежесімен бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаментінің жетекші маманы болып бастаған. 2007-2008 жылдары «Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығы» РМК Маркетинг және коммерцияландыру департаментінің директоры, Стратегиялық даму департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2008-2009 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды. 2009-2012 жылдары «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту қазақстандық орталығы» АҚ Ғылыми-техникалық саясат және нормативтеу департаментінің директоры, басқарушы директор - Басқарма мүшесі, 2012-2015 жылдары Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімінің орынбасары,
2015-2018 жылдары Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімі, 2018-2019 жылдары Павлодар қаласының әкімі, 2019-2020 жылдары «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, 2020-2024 жылдары «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2024 жылы Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі лауазымын атқарды.
Қазіргі лауазымына 2024 жылғы қарашада тағайындалды.
35 жыл бұрын (1991) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімі меңгерушісінің орынбасары Жансұлу Ермұханқызы МАҚАЖАНОВА дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университет, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2013-2014 жылдары Т.Рысқұлов атындағы «Қазақ экономикалық университеті» АҚ ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімінің маманы, 2014 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің өңірлік даму және туризм инфрақұрылымы басқармасының іс жүргізушісі, сарапшысы, 2014-2017 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитетінің инвестициялық саясат басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы, 2017-2022 жылдары ҚР Премьер-министрі кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы, бас консультанты, бас инспекторы, 2022-2026 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарған.
Қазіргі лауазымын 2026 жылдың қаңтарынан бастап атқарып келеді.
34 жыл бұрын (1992) Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ерлан Нұрланұлы ЖҮСІПОВ дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында туған. 2014 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін мәдениеттану мамандығы бойынша, 2016 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін мәдениеттану мамандығы бойынша (гуманитарлық ғылымдар магистрі), 2018 жылы Оңтүстік Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2014-2015 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, экскурсия жетекшісі, 2015-2018 жылдары «Monitoring System Group» ЖШС жобалар жөніндегі менеджері, 2018 жылы «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ заң бөлімі бас маманының м.а., 2018-2019 жылдары «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ заң бөлімінің бас маманы, 2019-2020 жылдары «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ заң бөлімінің бас маманы, 2020-2022 жылдары – «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ заң бөлімінің басшысы, 2022-2025 жылдары «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.
Қазіргі лауазымын атқаруға 2025 жылдың қарашасында кірісті.