11 маусымда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН
10:00-де «Бозоқ» археологиялық ескерткіші аумағында «Бозоқтан Ботайға дейін» атты экспедиция басталады. Шараның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, археолог-ғалымдар және қоғам өкілдері қатысады.
10:00-де «Құлагер» демалыс базасында Спорттық лазертаг бойынша Қазақстан Республикасының Кубогы-2022» кезекті республикалық турнирі өтеді.
19.00-де Астана Балет театрында «Бір актілі балеттер кеші» ұсынылады.
19.00-де Номад Сити Холл сахнасында Ratovich & Orchestra Lab. концерті өтеді.
19.00-де Қазақстан Орталық концерт залында Ne prosto orchestra ұжымы кезекті концертін ұсынады.
19.00-де Жастар театрында «Көзіме бір көрінсең, бала ғашық» сахналық повесі көрсетіледі.
АЛМАТЫ
9:30-да «Әлеуметтік қызметтер үйінде» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
18:30-да Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Лир патша» қойылымының тұсаукесері өтеді.