Бірқатар аймақтарда жауын-шашын болып, найзағай ойнайды, жел тұрады. Ал қалған өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды ҚР ТЖМ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Павлодар, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.
Солтүстік Қазақстанда тұман түседі. Алматы облысында күндіз қатты ыстық болады деп күтілуде.